Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бала асырап алған қазақстандықтарға ақшалай төлем тағайындау ережесі бекітілді

Бала асырап алған қазақстандықтарға ақшалай төлем тағайындау ережесі бекітілді

ҚР Оқу-ағарту министрлігі "Жетім баланы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау, қайтару қағидаларын және оның мөлшерін бекіту туралы" бұйрық жобасын әзірледі, деп хабарлайды zakon.kz.
Ақшалай төлемді тағайындау және төлеу жетім баланы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алған, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына жүргізіледі.
Оны тағайындауды және төлеуді "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы республикалық маңызы бар қалалардың және елорданың білім басқармалары, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдері жүргізеді.
Егер бала асырап алу туралы сот шешімі 2015 жылғы 1 қаңтардан кейін заңды күшіне енсе және жоғарыда аталған сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап он екі ай ішінде іске асыру мүмкін болса, біржолғы ақшалай төлем бала асырап алушылардың біреуіне тағайындалады және төленеді.
Біржолғы ақшалай төлем асырап алынған әрбір жетім балаға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға тағайындалады және төленеді.
Біржолғы ақшалай төлем тағайындау туралы өтінішпен жүгінген сәтте бала асырап алушылар бөлек тұрған жағдайда, ол асырап алынған бала бірге тұратын бала асырап алушыға тағайындалады және төленеді.
Төлем тәртібі
Біржолғы ақшалай төлем алу үшін бала асырап алушылардың бірі бала асырап алу туралы сот шешімі шыққан жердегі бөлімге мынадай құжаттарды:
  • нысан бойынша өтініш;
  • баланы асырап алу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің көшірмесін;
  • бала асырап алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
  • баланың туу туралы куәлігін электрондық нысанда немесе оның қағаз жеткізгіштегі көшірмесін;
  • екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің лицензиясы бар ұйымда бала асырап алушылардың бірінің атына жеке шот ашу туралы шарттың көшірмесін ұсынады.
Бөлім бала асырап алушының біржолғы ақшалай төлем алуға құқығын тексереді және өтініш түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жетім баланы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты төленетін біржолғы ақшалай төлемді тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы шешім шығарады.
Біржолғы ақшалай төлем жетім баланы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау туралы шешім қабылданған күннен бастап жеті жұмыс күн ішінде бала асырап алуышының жеке шотына ақшалай қаражатты аудару жолымен жүзеге асырылады.
Бала асырап алуға байланысты төлем тағайындаудан бас тарту үшін:
  • құжаттардың толық тізбесін ұсынбау;
  • бала асырап алудың күшін жою;
  • бала асырап алуды жарамсыз деп тану негіздеме болып саналады.
Бала асырап алудың күші жойылған немесе бала асырап алу жарамсыз деп танылған жағдайда, бала асырап алушы біржолғы ақшалай төлемді бала асырап алудың күшін жою немесе бала асырап алуды жарамсыз деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енген сәттен бастап бір ай ішінде Қазақстан Республикасының жергілікті бюджетіне қайтаруы тиіс.
Бала асырап алудың күшін жою немесе бала асырап алуды жарамсыз деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде орган бала асырап алушыны аударылған біржолғы ақшалай төлемді қайтару қажеттілігі туралы хабардар етеді.
Құжат Ашық НҚА сайтында 12 маусымға дейін жарияланған.
Үкімет қаулысына сәйкес, бала асырап алған қазақстандықтарға 75 АЕК (2023 жылы 258 750 теңге) көлемінде біржолғы ақшалай төлем төленеді.
29 мамыр 2023 ж. 206 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 74

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 69

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930