Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Заттай дәлелдемелер қалай жолданады?

Заттай дәлелдемелер қалай жолданады?

Сот үкімдері мен қаулылары уақытылы және дұрыс орындалған сәтте ғана заңның үстемдігі орнайды. Егер қылмыстық құқық бұзушылық құралы болды деп пайымдауға негiз болса немесе оларда қылмыстық құқық бұзушылықтың iздері сақталса немесе олар қоғамға қауіпті қолсұғушылық объектiлерi болса – нәрселер, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылықты табу, iстiң нақты мән-жайларын анықтап алу, кiнәлi адамды анықтау не оның кінәлі екенін теріске шығару немесе жауаптылықты жеңiлдету құралы болуы мүмкiн ақша мен өзге де құндылықтар, нәрселер мен құжаттар заттай дәлелдемелер болып танылады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің (әрі қарай-ҚПК) 470-бабының 3-бөлігіне сәйкес, бірінші сатыдағы сот үкімнің заңды күшіне енген немесе іс жоғары тұрған соттан қайтарылған күннен бастап үш тәуліктен кешіктірмей үкімді орындауға енгізеді.
ҚПК-нің 118-бабының 3-бөлігіне сәйкес, қылмыстық істі тоқтату туралы шешім шығару немесе үкiм шығару кезінде заттай дәлелдемелер туралы мәселе шешiлуге тиiс. Бұл ретте:
1)қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамға тиесілі, қылмыстық құқық бұзушылық жасау қарулары және (немесе) құралдары Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 48-бабы негізінде тәркіленуге жатады;
1-1)мүлкінің құқыққа қарсы мақсаттарда пайдаланылуы туралы білмеген не білмеуге тиіс болған адамға заңды негіздерде тиесілі, қылмыстық құқық бұзушылық жасау қарулары және (немесе) құралдары осы адамға қайтарылуға жатады;
1-2)өзге жағдайларда қылмыстық құқық бұзушылық жасау қарулары және (немесе) құралдары тиісті мекемелерге белгілі бір адамдарға беріледі немесе жойылады;
2) ұстауға тыйым салынған немесе ұстауға шектеу қойылған заттар тиiстi мекемелерге берілуге жатады немесе жойылады;
3) құндылығы жоқ және пайдалануға келмейтiн заттар жойылуға жатады, ал мүдделi тұлғалардың немесе мекемелердің өтінішхаты болған жағдайда, оларға берiлуi мүмкiн;
4) заңды иесіне қайтарылуға жататын мүлікті және одан түсетін кірістерді қоспағанда, қылмыстық жолмен табылған не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа алынған ақша және өзге де мүлік, сондай-ақ заңсыз кәсiпкерлiктің және контрабанданың нәрселері соттың шешiмi бойынша мемлекеттiң кiрiсiне айналдырылуға жатады; қалған заттар заңды иелерiне берiледi, ал иелері анықталмаған кезде мемлекеттiң меншiгiне өтеді. Бұл заттардың тиесiлiгi туралы дау туындаған жағдайда, дау азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен шешілуге жатады;
5) заттай дәлелдемелер болып табылатын құжаттар дәлелдемелерді сақтаудың бүкіл мерзiмi iшiнде іспен бiрге қалады не осы Кодекстiң 120-бабының төртінші бөлігінде көзделген тәртiппен мүдделi жеке немесе заңды тұлғаларға берiледi.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) басшысының 2019 жылғы «05» наурызда №6001-16-7-6/89 өкімімен бекітілген ереженің 149-тармағына сай, түскен істер бойынша заттай дәлелдемелерді және іске тіркелген құжаттарды есепке алу, сақтау, беру және жою соттың, прокуратура, алдын ала тергеу, анықтау және сот сараптамасы органдарының қылмыстық, азаматтық істер жөніндегі және әкімшілік құқық бұзушылық істері туралы құжаттарды, заттай дәлелдемелерді алу, есепке алу, сақтау, беру және жою тәртібі Соттың, прокуратура, қылмыстық қудалау және сот сараптамасы органдарының қылмыстық істер бойынша заттай дәлелдемелерді, алып қойылған құжаттарды, ұлттық және шетелдік валютадағы ақшаны, есірткіні, психотроптық заттарды алып қою, есепке алу, сақтау, беру және жою ережелеріне сәйкес жүргізіледі.
Санат СЕРЖАНОВ,
Қазалы аудандық сотының
жетекші маманы
03 қараша 2020 ж. 1 213 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 74

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 69

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930