Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Халықтың еркіндігін бейнелейді

Халықтың еркіндігін бейнелейді

Құрметті қазалылықтар, сіздерді келе жатқан Республика күнімен құттықтаймыз! Қазақстанның Тәуелсіздікке қол жеткізгеніне 30 жылдан астам уақыт өтті. Әрбір қазақстандық үшін бұл маңызды оқиға ұлттың бірлігін, мемлекеттің дамуын және халықтың еркіндігін бейнелейді. Бұл мерекеде еліміздің әрбір азаматы бір-бірін құттықтап, мемлекетіміздің гүлденуін тілеу – үлкен қуаныш.
25 қазан күні тойланатын Республика күні еліміздің егемендік жолындағы қадамдарын еске салып, халқымыздың болашағына үлкен сенім мен үміт береді.
Біздің ел үшін 25 қазан – тарихтағы ең маңызды күндердің бірі. Дәл осы күні 1990 жылы біздің қасиетті тәуелсіздігімізге жол ашқан Қазақ КСР-нің Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация қабылданды.
Республика күні – халықтың рухын көтеруге, мем­лекеттілікті нығайтуға, бірлігіміз бен ынты­мақтастығымызды нығайтуға арналған жарқын мереке.
Біз әділ Қазақстанды құруға кірістік. Бұл жоғары мақсатқа барлық қазақстандықтардың белсенді қатысуымен ғана қол жеткізуге болады. Өйткені мемлекеттің басты тірегі және ең үлкен байлығы – азаматтар!
Осы салтанатты күні зор денсаулық, бақыт, бейбітшілік пен амандық тілейміз. Қазақстанды тұрақты дамыту және жетілдіру жолындағы еңбектеріңіз барлық бастамаларда табысты болсын.
Ардақты Отанның дамуына әрбіріміз өз үлесімізді қосайық. Елдігімізді, тілімізді және мәдениетімізді ұлықтай отырып, болашақ ұрпаққа жарқын мемлекет қалдырайық. Республика күні құтты болсын!

Өмірзақ ТҮКТІБАЙ,
Қазалы ауданының Құрметті азаматы
22 қазан 2024 ж. 138 0

Қырмандағы қызу еңбек

20 қыркүйек 2025 ж. 14

Никабты шешуге не негіз?

20 қыркүйек 2025 ж. 21

Қайран, қарт, қорғаның кім?

20 қыркүйек 2025 ж. 24

Мейірім аңсаған ақсақал

20 қыркүйек 2025 ж. 19

Қиясы биік қаламгер

19 қыркүйек 2025 ж. 155

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930