Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Полиция алматылық көлік жүргізушілеріне маңызды ескерту жасады

Полиция алматылық көлік жүргізушілеріне маңызды ескерту жасады

Фото: polisia.kz
Алматының полиция департаменті көлік жүргізушілеріне маңызды үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Алдағы күндері ауа райының нашарлап, жаңбыр мен қар жаууы мүмкін, сондай-ақ ауа температурасы төмендейді. Осыған орай жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау мақсатында көлік жүргізушілері мен автокөлік иелеріне дөңгелектерін қысқы кезеңге ауыстыруды алдын ала жоспарлауды ұсынамыз", - деді полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Асхат Құлбаев.


Оның айтуынша, "Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентінің (ТР КО 018/2011) талаптарына сәйкес, жазғы маусымда (маусым, шілде, тамыз) сырғанауға қарсы тікенектері бар шиналарды пайдалануға тыйым салынса, қысқы кезеңде (желтоқсан, қаңтар, ақпан) қысқы шиналарсыз көлік құралдарын басқару заңмен шектеледі. Бұл ретте қысқы шиналар көліктің барлық дөңгелектеріне орнатылуға тиіс. 1 желтоқсаннан кейін осы талаптарды орындамаған жағдайда, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 590-бабының 5-бөлігіне сәйкес, көлік иелеріне 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

Полиция департаменті жол қауіпсіздігі мәселесіне ерекше көңіл бөлуді ескертті.
18 қазан 2024 ж. 286 0

Наградалар табысталды

10 сәуір 2026 ж. 112

Мал ұрлығына жол жоқ

10 сәуір 2026 ж. 159

Грант байқауы басталды

10 сәуір 2026 ж. 69

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930