Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Өрге сүйрейтін «Өрлеу»

Өрге сүйрейтін «Өрлеу»


Қазіргі таңда елімізде әлеуметтік салада жаңа бағдарламалар енгізілуде. Олардың қатарында «Жаңа нысандағы атаулы әлеуметтік көмек», «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламалары бар.
Өздеріңізге белгілі Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 28 қазандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №369-V Заңының аясында «Өрлеу» пилоттық жобасы бекітіліп, біздің ауданымызда 2016 жылдың қазан айынан бастап жұмыс істеуде.
2017 жылдың наурыз айынан бастап Бозкөл ауылының тұрғыны Нұрбек Төребеков «Өрлеу» жобасына қатысып, оның отбасындағы 4 адамға 91000 теңге шартты ақшалай көмек тағайындалды. Сонымен қатар, аталған азамат 6 ай мерзімге ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды.
Елімізде 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы енгізіле бастайды. Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмектің қазіргі әлеуметтік төлем түрлерінен өзгешелігі аз қамтамасыз етілген азаматтарға тағайындалады. Ағымдағы жылдың қарашада Бозкөл ауылында аудан әкімінің қатысуымен өткізілген жиында халыққа жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек туралы түсіндерме жұмыстары жүргізілді.
Мархабат ҚАНИЕВ.

26 желтоқсан 2017 ж. 1 854 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 73

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 68

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930