Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда еңбек ету қабілетінен және асыраушысынан айырылған азаматтарға берілетін әлеуметтік жәрдемақы мөлшері өседі

Қазақстанда еңбек ету қабілетінен және асыраушысынан айырылған азаматтарға берілетін әлеуметтік жәрдемақы мөлшері өседі

Қазақстанда мүгедектік және асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдер мөлшері ұлғайтылады. Тиісті қаулы жобасы "Ашық заңды тұлғалар" сайтында жарияланды және 17 қыркүйекке дейін талқылау үшін қолжетімді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Кursiv.media порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: pixabay.com

"2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері алынған әлеуметтік төлемдер сомасының 6,5%-ға ұлғайтылсын", – делінген қаулыда.

Қаулы 2025 жылдың 1 қаңтарынан ерте емес күшіне енеді.

Айта кетейік, жаңа жылдан бастап ең төменгі зейнетақы мөлшері (57 853 теңгеден 62 771 теңгеге дейін), айлық есептік көрсеткіш немесе АЕК (3 692 теңгеден 3 932 теңгеге дейін), ең төменгі күнкөріс деңгейі (43 407 теңгеден 462 222 теңгеге дейін) болғанын жаздық. Өзгерістер ең төменгі жалақыға әсер етпейді. Ол 85 мың теңге деңгейінде қалады. Бұл 2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасында көрсетілген.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда жұмысынан айырылған тұрғындарға МӘСҚ қаражаты есебінен жоғалған табыстың 45%-ына дейінгі мөлшерде төлем берілетінін жаздық. Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстан босатылған қызметкерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдер алады.
04 қыркүйек 2024 ж. 290 0

Назым Қызайбай - финалда

13 қыркүйек 2025 ж. 123

Қазалыдағы қарбалас тірлік

13 қыркүйек 2025 ж. 120

Тілге құрмет – елге міндет

13 қыркүйек 2025 ж. 111

Тұрғындар тілегі назарда

13 қыркүйек 2025 ж. 115

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930