Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті

Өткен жұма күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХІ сессиясы шақырылды. Сессияға аудандық мәслихат депутаты Имандосов Нұрлан Самұратұлы төрағалық етті.
Сессияның күн тәртібінде төмендегідей мәселелер қаралды:
1. «2018 – 2020 жылға арналған аудандық бюджет туралы» Қазалы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы №146 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;
2. Қазалы ауданы, Өркендеу ауылдық округі, «Өркендеу» ауылын қайта атау жөнінде Қызылорда облыстық ономастикалық комиссиясының қарауына ұсыныс енгізу туралы;
3. Қазалы ауданы, Өркендеу ауылдық округі, Өркендеу ауылындағы көшені қайта атау және көшеге атау беру жөнінде Қызылорда облыстық ономастикалық комиссиясының қарауына ұсыныс енгізу туралы;
4. Қазалы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 19 ақпандағы №386 «Қазалы ауданының қоғамдық кеңесінің қалыптастырылған құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
5. «Аудан әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы» Қазалы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 27 наурыздағы кезекті ХIV сессиясының №95 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
6. Қазалы ауданын басқару схемасын бекіту туралы;
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Жарылқап Бақытжан Дүзелбайұлы, екінші, үшінші, төртінші мәселелер бойынша аудан әкімінің орынбасары Мұратбаев Жарасқан Нұрсұлтанұлы, бесінші, алтыншы мәселелер бойынша аудан әкімі аппаратының басшысы Жалғасбаев Нұрғиса Жаппарбергенұлы хабарлама жасады.
Хабарламашыларға аудандық мәслихат хатшысы К.Назымбеков, аудандық мәслихат депутаттары Ғ.Әліш, Қ.Мәмбетжан өздерінің сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
Күн тәртібіндегі мәселелерге байланысты тиісті шешімдер қабылданды. Сессия алдында тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өткізілді.
19 ақпан 2018 ж. 1 773 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930