Маңызды мәселелерге мән берілді
Кеше аудандық мәслихаттың кезекті VIII сессиясы өтті. Сессияға аудан әкімі М.Оразбаев, аудан әкімінің орынбасарлары, құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау ұйымдары және облыстық бағыныстағы басқарма басшылары, қала, кент және ауылдық округ әкімдері мен дербес бөлім басшылары қатысты. Сессияны аудандық мәслихат хатшысы Бақытжан Жарылқап жүргізіп отырды.
Екі сағатқа созылған жиынның күн тәртібінде сегіз түрлі мәселе қаралды. Нақтыласақ, Қазалы ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерін орындауы жөнінде аудан әкімі Мұхтар Оразбаев баяндады. Ал қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын органдар мен мекемелер қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі аудан әкімдігі жанындағы консультациялық-кеңесші органның жыл сайынғы өз қызметінің нәтижелері туралы Қазалы аудандық пробация қызметінің басшысы Ербол Сражатов айтты. Сонымен қатар аудандық мәслихаттың «Экономика, қаржы, бюджет және кәсіпкерлік жөніндегі» тұрақты комиссия төрағасының есебі жайында Қазалы аудандық мәслихат депутаты, комиссия төрағасы Жанат Көләнова сөз етті.
Сол секілді «2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Қазалы аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 23 желтоқсанындағы №535 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «Қазалы ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Ахметулла Аманов тілге тиек етсе, «Қазалы аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы» Қазалы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 26 тамыздағы №50 шешіміне өзгерістер енгізуді Қазалы аудандық мәслихат аппаратының басшысы Кенжебек Мұхамбет қозғады.
Ал Әйтеке би кентінің кейбір көшелеріне атау беру, «Қазалы ауданының қала, кент және ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту» Қазалы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 8 маусымдағы №198 шешіміне өзгерістер енгізу мен «Қазалы ауданы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы» Қазалы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 29 сәуірдегі кезектен тыс ІV сессияның №49 шешіміне өзгерістерге Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Жалғас Сүйеубаев тоқталды.
Аталған мәселелерге қатысты аудандық мәслихат депутаттары тарапынан сұрақтар мен ұсыныстар айтылды.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша баяндама жасаған аудан әкімі Мұхтар Оразбаев баяндамасында 2021 жылдың 6 айында аудан экономикасының әр саласында жүзеге асырылған жұмыстарға тоқтала келе, келер күннің еншісіндегі қуанышты жаңалықтарды баяндады.
Сессия отырысында көтерілген өзге де мәселелер жайында баяндаған хабарламашыларға ұсыныстар айтылып, аудандық мәслихат депуттары тарапынан оң шешім тапты.
А.БАҚЫТҰЛЫ