Ата-әже – қазақы тәрбиенің бастау бұлағы
Қазалы газетінің №21. 12.03.2024 санында Қаракөз Серікқалиқызының «Тұңғыш бала» мақаласына орай айтпағым бар. Қаракөздің көтеріп отырған мәселесі қазіргі таңда шын көңіл бөлетін мәселе. Мен өз басым тұңғыш бала тәрбиелеген ата-әженің екі ұрпағының өкілдерін көрген жанмын.
Біздің бала кезіміздегі ата-әжелер тұңғыш немересін баласы мен келінімен ойласпастан өздері бауырлап, кенже баласы ретінде тәрбиелейтін. Кейбір аталардың немерісін бауырлағаны сонша баланы әке-шешесінен қызғанып, тілі шыққанда боқтатып мәз болып отырғандарын көзіміз көрді.Баланың әке-шесесі ол балаға қарап сөйлемек түгілі,қасына шақырып, мейірлене қарайда алмайтын.Баланың атын атамай атаның баласы дейтін.Сол кездегі ата-әже тәрбиелеген балалардың алды жетпістен асты, көбісі өнер адамы,жазушы,суретші болған сияқты. Тіпті атақты жазушылардың шығармаларын,әсіресе деректі шығармаларына көз жүгіртсең сол жастық шағын сағына еске алатындарының қарасы мол.
Ойға аласың да таң қаласың. Баланың әкені сыйлауы,келіннің ата-енені сыйлауы,соны көріп өскен баланың еркелігінің,тентектігінің бара-бара бір құпия сезімге ұласатынықызық.Сол кездегі еркелікпен әке-шешесіне мойын ұсынбай,тыңдағысы келмей өскен баланың бойындағы сол жандарға деген мейрімнің қалыптасуы сол ата-әже берген тәрбиенің жемісі емес пе екен?
Осы мақаладағы Гүлжамалдың «...Одан жаман болдым дей алмаймын.Дегенмен,әкем өмірден өтіп,қызы болып әкемді жоқтай алмадым,кім деп жыларымды білмедім.Ауыр тиді,-деуінің өзі де сол ата әженің немересін нәзік сезімді етіп тәрбиелегенінің дәлелі емес пе?!Әкесі мен шешесін жеккөрінішті, жат адам деп тәрбиелесе олай егілмес еді ғой. Әкешім депте жылауына болар еді.Бірақ ата-әженің ақ пейіліне дақ түсіретіндей болуының өзі дұрыс тәрбиенің әсері емес пе?!Ал,ата-әженің кейінгі өкілдерін көрген жандардың түсінігі тіптен бөлек болуы да заңды шығар. Қазір «Баланы жастан...» деген тәрбие ескірген болып тұр.Осының салдары ата-әже тәрбиесі деген ұғымды көмескілендіріп жіберді.Мүмкін қазіргі ата-әже,біздердің де кемшілігіміз болар.Немере ата-әжеден жақсы тәрбие алу үшін ол от басында ата-ата,әже-ене бола білуі керек.Баланың әкесі атаның алдында бала, шешесі келін бола білуі керек.Баланың әкесі мен шешесі әке мен енені бағалай білсе, немере көргенін қайталайды, естігенін ескереді.Қазіргі енелердің көбісіәже тәрбиесіне мейірі қанып мойынұсынған жастар емес.Тіптен «Айналайын,байыңды баққаным аз емес, балаңа өзің ие бол» дейтіндер де жоқ емес.Ал,келіндер де заманына қарай соған сай. Баланы атасы түгілі енесіне де ұстата бергісі келмейді. Кітапқа қарап жуындырып,журналға қарап тамақтандырады.Өздерін сол кісілер адам қылғанын ескермей балаға жақындағанын ұнатпайды.Оны көріп өскен немере де әже мейрімін сезе бермейді.Мақаладағы Аякөз қызымыздың да ойы осыған саяды.Бұл арада әке-шешенің атын айтқызу, айтқызбауда тұрған ештеңе жоқ.Ата-әже тәрбиесі деген ұғым немерені бауырлау, жақын тарту,ата- әжелік пейілге,мейірімге бөлеу.Оны немерелі болған жан ғана білуі мүмкін.Аякөз қызымыз да немерелі болғанда білер.Жоғарыда айтқандарға зер салған жандар қазіргі әжелердің әкеңнің,шешеңнің атын атамадей қоюыда екі талай. Әкесін аға,шешесін жеңеше деп айтқызуы мүмкін.Онда да өзі әже тәрбиесін алғандар.
Біз тұңғыш немерімізді жақсы көргенмен әке-шешесінен бөлектегіміз келген жоқ.Бірақ, келініміз екіншісін сүтімен көтерді ме, бала өзінен-өзі емшектен шығып әжесінің омырауын аймалады.Әжесінің бауырында өсті.Ата-әжесінің қасында жатты.Бір қызығы, бала төрт-бес жасқа келгенде шешесіне мен сенің балаң емеспін,ата-әженің баласымын.Саған қайын іні боламын деп, әжесіне неге немере мен сіздің балаңмын дейтінді шығарды. Оған олай деп үйретіп отырған адам жоқ.Алғаш есіткенде өзіміз де таң қалдық. Біздің көзімізше ештеңе демегенмен анасының айтқанына көнгісі келмейтінін байқадық. Ал, үй-жай салып бөлек шығарда немеремді шақырып алып, әкесінің кім екенін, шешесінің кім екенін түсіндіріп,әкесі мен анасының тұңғышы, қолқабыс болатын өзі екенін,айтқандарын тыңдауы керек екенінін түсіндірдік. Қазір әкесін әке, шешесін ана дейді.
Мен анау дұрыс,мынау дұрыс емес деп айтқым келіп отырған жоқ.Оқыған жандар өздері саралап көрер.Тек, қазіргі уақытта мектеп жасындағы ер балалар ғана емес қыз балалардың қатыгездігінәлемжеліден көріп, оқыған сайын ойыма өзім көрген ата-әжелер тәрбиесі еріксіз оралатыны рас.
ҚұдайбергенЕСЕКЕЙ