Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бала тағдыры барымтаға түспесін

Бала тағдыры барымтаға түспесін

Өмірдің бір қызығы – бала деген... Мына фәни жалғанды мәнді өткізудің сырын артынан ұрпақ қалдырып, соны жеткізу деп білетін қазақ жұрты үшін қарадомалақтың орны ерекше. Сондықтан «Балалы үй – базар, баласыз үй – мазар» деген тәмсілді ешкім әбес көрмейді. Шыны керек, бүгінгі күні орын алып жүрген тұрмыстық кикілжіңдердің көпшілігі кішкентайға таласу барысында орын алып жүр. Ертеректе үлкен баланы ата-әжесі бауырлап, бұған ешкім қарсы келмесе, қазір мұны қылмысқа балайтындар аз емес. Дәстүрдің озығы мен тозығы болатын болса, бұл түсінікті қайсысына жатқызуға болады? Шама шарқымызша талқылап көрелік.
– Баланың бойындағы асыл қасиеттерді отбасында ата-әжесі қалыптастырған. Сонымен қатар ұлттық тәрбиенің, ізгіліктің дәні де осы үлкендер сепкен. Ата мен әженің тұңғыш немересін өз баласынан артық бағып-қағуында үлкен мән бар. Бұл – әке мен баланың, ене мен келіннің арасындағы сыйластықтың да бір белгісі. Ал көргенді қарттар кішкентайға өзінің әке-шешесін құрметтеуді міндеттеп отырған.
Дәстүрлі тәрбие көрсеткендей, өмірден көргені мен түйгені мол қариялар тәрбиелеген баланың ең алдымен тілі тез шығады. Өйткені ата мен әже баламен үлкен адамша сөйлеседі. Сол себепті әже тәрбиелеген бала сөздің қадірін біледі. Бала үнемі үлкендермен бірге жүріп, олардың өнегелі әңгімелерін, тарихтан шерткен сырларын, ән-жырларын, шежірелерін тыңдап өседі, – дейді этнограф Құралай Сәрсембина.
Бала болашағы үшін, оны тәрбиелеу мақсатында жасалған осындай үйлесімді жағдай қай кезде де құптарлық. Дегенмен мәселе менмендік пен тәкаппарлыққа қатысты болса, бұл кішкентайдың болашағын бұзумен бірдей. Мұндай оқиғаларды қазақы ортада өмір сүріп жатқан қазалылықтар арасында да жиі ұшырастыруға болады. Дәлелді алыстан іздемей-ақ, сыйлас ағамның басынан өткен жағдайды баяндап берейін. Оның есімін шартты түрде Едіге деп алайық. Қырықтың қырқасына шыққан азамат бүгінде зейнеттегі ата-анасына бүйірі бұрмайтынын жиі айтады. Студенттік шағында бас қосқан ата-анасы көп ұзамай Едігені өмірге әкеледі. Алайда ата-әжесі бұлардың оқуын сылтауратып, баланы өздеріне алып қалады. Әке-шешесі ара-тұра ауылға келіп-кеткені болмаса, бес жасына дейін «балам» деп өбектеп көрмеген. Кемпір-шалдың қабағынан қорыққан болар. Едіге сәби еншісін ала алмағасын емірене қоймапты. Бала он жасқа қараған шағында атасы мен әжесі бірінен кейін бірі дүние салады да, Едіге жетімектің күйіне түседі. Туған әкесінен інісіне қарағандай жылулық та сезінбеген бұл қазір қарттықтық қамытын киген өз туғандарымен «сыйластық» үшін ғана араласатын көрінеді. Осыған ұқсас оқиғаны бастан кешірген отбасыларды санауға саусақ саны жете қоймас. Мұндайда екі ортада көздері жәутеңдеп қалған қанша балаға обал дейсің.
Біз өмір сүріп жатқан қоғамда бала болашағына болыса бермейтін басқа да әрекеттер бар. Соның бірі көптен бала сүйе алмай жүрген жақын-жуық туысқа екінші бір отбасы көп баласының бірін бере салады. Әрине, шарананың шырылын аңсап отырған отбасы үшін бұл үлкен жауапкершілігімен бірге қуаныш сыйлары хақ. Бірақ баланың зат емес екенін ескере бермейтініміз жанға батады. Ата-анасы керек қылмай, жетімдер үйіне тастап кеткен бөбекті асырап алып, бақыт сыйлауға болатын шығар. Алайда өмірге әкелген баланың тағдырымен ойнауға әсте болмас. Мұндай жағдай көбіне жараспай қалған жұптардың басында болады. Шаранамен төркініне қайтқан қыздың бағын байламасын деген оймен әке-шеше атына аударып, қызын қайта ұзақтан отбасы аз емес. Өкініштісі, осындай балалардың басым бөлігі анасының бауырында елжіреп, әкесінің әдебін үйренбеген соң, ер жеткенде үлгілі өмір өрнегін көрсете алмай жатады. Ал бұған кімді кінәлай аласыз? Қаншама ойран болған тағдыр бар. Тек балалар тағдыры барымтаға түспесе екен.

Р.ҚАЙРАТҰЛЫ
08 ақпан 2022 ж. 665 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 85

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930