Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жауапкершілік бар жерде жұмыс бар

Жауапкершілік бар жерде жұмыс бар

Қазалы ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбеттің төрағалығымен алғашқы аппарат мәжілісі өтті. Мәжілісте бірқатар өзекті мәселелер талқыланып, олардың орындалуы сөз болды.
Жиын барысында аудан басшысы алдымен «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында Жанқожа батыр ауылында салынып жатқан 300 орындық мектеп құрылысы мен аталмыш жоба аясында Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласының аралығында салынатын 600 орындық мектеп құрылысының жерін даярлау, құжаттарын рәсімдеу сынды жұмыстарына аса мән беру қажеттігін айтты.
Сонымен қатар тағы бір өзекті мәселе көктем мезгіліндегі Сырдария өзеніндегі су деңгейінің көтерілу қауіпі, өзенге жақын орналасқан ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Алтынбек Қалиев пен ауыл әкімдеріне қауіптің алдын алу жұмыстарын күшейтуді тапсырды.
Мәжілісте аудан басшысы Мейрамбек Зинабдинұлы алда келе жатқан көктемгі санитарлық тазалық жұмыстары мен егіске дайындық жұмыстарына да ерте бастан кірісіп, қамдану керектігін айтты.
Жиында мұнан бөлек Мемлекет басшысының, Үкіметтің, облыс әкімі тапсырмаларының аудан деңгейінде мүлтіксіз орындалуы, аудандағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, қоғамдық саяси ахуал, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған түрлі жобаларды жүзеге асыру сынды мәселелері де талқыланды.
Аппарат мәжілісі соңында аудан басшысы алдағы уақытта аудандағы әрбір салада атқарылып жатқан жұмыстардың барлығын өз көзімен көретіндігін жеткізді. Мұнымен қоса барлық кент, қала және ауылдық округ әкімдері мен мекеме-кәсіпорын басшыларына елмен етене араласып, жауапкершілікті сезініп, ортақ абырой мен аудан халқының игілігі үшін адал қызмет жасауға шақырды.
Қазалы ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы
22 ақпан 2024 ж. 159 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930