Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалы ауданында «Жайлы мектеп» жобасы арқылы 2 мектеп салынады

Қазалы ауданында «Жайлы мектеп» жобасы арқылы 2 мектеп салынады

Бүгін Қазалы ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың төрағалығымен әкімдік және аппарат мәжілісі өтті. Жиында бірқатар маңызды мәселелер талқыланды.
Ең бірінші әкімдік мәжілісінде аудандық білім бөлімінің басшысы Әділхан Жөлекешов 2023-2024 жаңа оқу жылына білім беру мекемелерінің дайындық туралы баяндап берді.
«Өздеріңізге белгілі, санаулы күндерден кейін жаңа оқу жылы басталады. Ауданда биыл Қ.Пірімов ауылындағы №92 орта мектеп күрделі жөндеуден өтсе, Әйтеке би кентінде 250 орындық мектеп құрылысы жүруде. Алда «Жайлы мектеп» жобасы шеңберінде Жанқожа батыр ауылы мен Әйтеке би кентінен 2 мектеп салынатын болады. Мұның бәрі Мемлекет және аймақ басшысының қолдауымен балалардың сапалы білім алуы үшін жасалып жатқан шаралар» деді аудан басшысы.
Сондай-ақ, аудандық білім бөлімінің басшысы Әділхан Оңдасынұлына жылу беру маусымында сұйық отын тапшылығы болмау қажеттігін ескертіп, дайындық жұмыстарын сұрады.
Сондай-ақ, саладағы ең үлкен мәселе – балалардың қауіпсіздігі екеніне тоқталып, білім беру ұйымдарын турникеттермен, дабыл түймесімен, лицензиясы бар күзетпен, ішкі істер органдарының Жедел басқару орталығына қосылған бейнебақылаумен толық қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау қажеттігін тапсырды.
Мұнан соң білім беру нысандарының тазалығы сынға алынып, тез арада қалыпқа келтірілуі жүктелді.
Аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш те білім саласына қатысты бірқатар мәселелер көтеріп, анық-қанығын сұрады.
Ал аппарат мәжілісіндегі алғашқы мәселе - шағын және орта кәсіпкерлік саласының даму барысы мен алдағы міндеттері туралы аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Ақтілеу Бөріқұлақов айтып өтті.
Баяндамадан соң Мұхтар Әуесұлы 2023 жылдың 7 ай қорытындысымен кәсіпкерлік саласының негізгі көрсеткіштер бойынша оң нәтижелерін баяндаған Ақтілеу Талайлыұлынан бірнеше сауалдардың жауабын сұрады. Оған қоса бірқатар ауылдық окург әкімдерінен ауылдардағы кәсіпкерлік саласын дамытуға не кедергі екенін және жұмыссыздық мәселесін шешу жолдарын сұрады. Сонымен қатар аталған мәселелер бойынша тапсырма жүктеп, тез арада қолға алу қажеттігін ескертті.
Аппарат мәжілісіндегі екінші мәселе - ауданда бұқаралық спортты дамытудың жай-күйі және ауыл спортшыларының «АЛТЫН КҮЗ-2023» облыстық спартакиадасына дайындық барысы бойынша болды. Бұған аудандық мәдениет және спорт бөлімінің басшысы Болат Жолтаев тоқталды.
«Біздің алдымызда бұқаралық спортпен айналысатын азаматтардың санын арттырып, дені сау ұлт қалыптастыру міндеті тұр. Сондықтан, тұрғындар арасында спорт түрлерін кеңінен насихаттап, жұмысты жандандыруға тиіспіз» деген аудан басшысы алдағы “Алтын күз - 2023” облыстық спартакиадасында аудан спортшылары үздік үштіктен көріну қажет екенін айтты.
Бұдан бөлек, Әйтеке би кентінің әкімі Қайрақбай Орынбасаровқа кент ішіндегі бұзылған спорт алаңдарын қайта қалпына келтіру керектігін ескертті.
Жиында ономастика саласындағы жол картаның орындалуы туралы сөз етілді. Хабарлама жасаған Болат Әбенұлына тиісті жұмыстарды жүйелі түрді ұйымдастырып, ономастикалық комиссияның қарауына ұсыну қажеттігі айтылды.
Мәжілісті қорытындылаған аудан әкімі Мұхтар Оразбаев аудандағы тазалық мәселесі және қоғамдық тәртіпті бақылау үшін құрылған рейд топтардың жұмыстары
күн тәртібінен түспейтінін айтты. Сонымен қатар жүктелген міндетке жауапкершілікпен қарау қажеттігін ескертіп, тиісті тапсырмаларды жүктеді.
28 тамыз 2023 ж. 285 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930