Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жиынның өзегі – жол жайы

Жиынның өзегі – жол жайы

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың төрағалығымен әкімдік және аппарат мәжілісі өтті. Мәжілісте бірқатар маңызды мәселелер талқыланып, олардың орындалуы сөз болды. Жиында ең бірінші аудандық маңыздағы автомобиль және елді мекен ішілік жолдардың жай-күйі талқыланды. Бұл мәселе жөнінде аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мұрат Әбсұлтанов баяндама жасап, атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде айтып берді.
Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев:
«Биыл ауданымызда жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Өткен жылдан келе жатқан өтпелі нысандардың да құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Одан бөлек жаңадан басталып жатқан жолдар да жетерлік. Осы жұмыстардың барлығы сапалы, әрі мерзімінде аяқталуы тиіс. Халық ең алдымен жолдың сапасына қарай жұмысымызға баға беретін болады» – деді аудан басшысы.
Сондай-ақ, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мұрат Әбсұлтановқа аудан көлемінде жүргізіліп жатқан барлық жол құрылысын бақылауға алуды тапсырды. Оған қоса Әйтеке би кентінің әкімі Қайрақбай Орынбасаровқа кент ішіндегі асфальтталған көшелердің күтіп ұсталуы назарда болуын айтты.
Ал аппарат мәжілісіндегі алғашқы мәселе бойынша аудан әкімінің орынбасары Жалғас Сүйеубаев хабарлама жасады. Жалғас Оңғарұлы аудандағы әлеуметтік-мәдени нысандардың жай-күйі туралы айтып берді.
Баяндамадан соң Мұхтар Әуесұлы аудандағы кейбір нысандардың жағдайы көңіл көншітпейтінін тілге тиек етті. Оған қоса тазалық және абаттандыру жұмыстары бойынша қала, кент және ауылдық округ әкімдерін қатаң сынға алды. Сондай-ақ, кеткен кемшіліктер бойынша тиісті жұмыстарды күшейтуді тапсырып, барлығы бақылауда болатынын жеткізді.
Аппарат мәжілісіндегі екінші мәселе - 2023 жылдың 1 шілдесіне қаржы иегеру болжамы болды. Бұл жөнінде аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Әліби Әбиев хабарлама жасады. Аудан басшысы бірқатар бөлім басшылары, кент пен ауылдық округ әкімдеріне қаржының мақсатты игерілуі жөнінде сауал жолдап, Әліби Берікұлына болжамның орындалуын қатаң бақылауға алуды тапсырды. Мәжілісті қорытындылаған аудан әкімі Мұхтар Оразбаев тиісті жұмыстарды жасауға әлі де мүмкіндік беріліп отырғанын сөз етіп, 6 ай қорытындысымен жыл басынан бері берілген тапсырмалар бойынша тиісті шешімдер қабылданатын айтып өтті.
Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
01 шілде 2023 ж. 308 0

Бүгінгі валюта бағамы қандай

05 желтоқсан 2024 ж. 28

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031