Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бюджет жағдайы талқыланды

Бюджет жағдайы талқыланды

Жақында аудандық, облыстық мәслихат депутаттары мен дербес бөлім басшылары, кент, қала және ауылдық округ әкімдерінің қатысуымен аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХVIII сессиясы өтті.
Онда аудандық мәс­ли­хаттың 2018-2020 жыл­дарға арналған аудан­дық бюджет туралы ше­шіміне өзге­рістер мен толық­тырулар енгізу туралы мәселе қара­лып, аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлі­мінің басшысы Бақыт­жан Жарылқаптың хабарламасы тыңдалды. Бұдан әрі Бақытжан Дүзелбайұлы екінші мәселе бойынша депутаттарға “Қазалы ау­да­нының кейбір елді мекендерін біріктіру арқы­лы тарату” туралы айтып берді.
Сондай-ақ, күн тәртібін­дегі белгіленген “Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінің кейбір көшелерін қайта атау, көшелерге атау беру жөніндегі Қызылорда облыстық ономастикалық ко­мис­сиясының қарауына ұсы­ныс енгізу туралы” аудан­дық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Айгүл Лайық, “Жерлерді аймақтарға бө­лу жо­басын (схемасын) бағалау аймақ­тары­ның шекараларын және базалық салықтық став­каларына түзету коэф­фициент­терін бекіту туралы” Қазалы аудандық мәслихатының 2012 жылғы 19 желтоқсандағы №74 шешіміне өзгерістер енгізу туралы” аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Ардақ Жанұзақ баяндады.
Өз кезегінде бірқатар депутаттар талқылауға түс­кен жайттарға байла­нысты ой-пікірлерін ортаға салып, оң шешімін табу жолдарын тілге тиек етті. Сессия жұмысына аудан әкімі Мұрат Ергешбаев қатысып, бюджет жағдайы мен алда тұрған нақты міндеттерге тоқталды.
Ж.СОВЕТҰЛЫ
21 тамыз 2018 ж. 1 110 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031