Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жолдың жайы алаңдатады

Жолдың жайы алаңдатады

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезекті ХХІІІ сессиясы өткізілді. «РЗА-Агро» ЖШС директоры, аудандық мәслихат депутаты Н.Имандосов төрағалық еткен халық қалаулыларының басқосуына аудан, қала, кент, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары, республикалық және облыстық бағыныстағы мекеме басшылары қатысты.
Сессияда он үш маңызды мәселе қаралып, оның шешілу жолдары талқыланды. Күн тәртібінде аудан көлеміндегі жұмыссыздыққа тосқауыл қойып, кәсіп ашушыларға қажетті жағдай жасау жайына айрықша назар аударылды. Сонымен қатар Әйтеке би кенті мен ауылдық округтердегі кейбір елді мекендердің аталуын өзгерту, ауыл ішіндегі жолдарды қайта жаңғыртып, көшелерге жаңа атау берудегі жағдайларға да көңіл бөлінді. Аталған жайттар бойынша аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Жарқын Боранқұлов, Қазалы ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Мұратбек Бекмамбетов пен аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Айгүл Лайық хабарлама жасап, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Аудандық мәслихат хатшысы К.Назымбеков, мәслихат депутаттары Қ.Әлімбай, А.Сарабеков, Қ.Мәмбетжан, Ғ.Әліш, Ж.Көләнова мен Қ.Қожалепесов баяндамашыларға сауал қойып, оның шешілу жолдарын пысықтады.
Сессия жұмысына аудан әкімі Мұрат Ергешбаев қатысып, сөз сөйледі. «Құрметті халық қалаулылары! Бүгін сіздердің араласуларыңызбен өңіріміздің өркендеуі үшін әлеуметтік, экономикалық маңызды шешімдер қабылданды. Алайда соған сай бюджеттен бөлінген қаражатты дұрыс игерумен қатар, олардың жоғарғы сапада орындалуын да бақылаудан тыс қалдырмау керек. Ауылдық округтерді айтпағанның өзінде, кент ішіндегі жолдардың сапасы сын көтермейтіні рас. Осы бағыттағы жұмыстарды жандандыра түсу қажет»,– деді аудан басшысы.
Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ
16 сәуір 2018 ж. 1 380 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 74

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 69

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930