Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «PISA»-ға байланысты семинар өтті

«PISA»-ға байланысты семинар өтті

5 ақпан күні аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне "PISA халықаралық зерттеуін жүргізу аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда тиімді әліс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру" тақырыбында семинар өтті.

Семинарға қала, кент мектебінің мұғалімдері келіп қатысса, шалғай ауылда тұратын мектеп мұғалімдері онлайн қатысты. Жиын барысында N226 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі М.Жөлекеш "Мәтінмен жұмыс-функционалдық оқу дағдыларын дамытудың негізгі тәсілі" тақырыбында қатысушыларға түсіндірме жүргізіп, одан әрі топтасып, мәтін талдау жұмыстары жасалды.

№288 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ж.Кушекпаеваның жетекшілігімен PISA тапсырмаларының құрылымын түсініп, топтағы мұғалімдер бірлесе жұмыстар орындады. Б.Есіркепова "Практикалық жұмыстар - 2024" байқауының ережесін түсіндіріп, осы атқарылып жатқан жұмыстар сол байқауға дайындық шаралары екендігін айтып өтті.

"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
09 ақпан 2024 ж. 272 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930