Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Мұқағали – поэзия Хантәңірі

Мұқағали – поэзия Хантәңірі

№266 мектеп-лицейде қазақ поэзиясының тау тұлғасы Мұқағали Мақатаевтың 87 жасқа толу құрметіне орай қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ұ.Жиенбаева мен мектеп-лицей кітапханашылары Р.Өмірзақова, Г.Пірімбетова ұйымдастырған «Мұқағали – поэзия Хантәңірі» атты 5-10 cынып оқушыларының қатысуымен әдеби-сазды кеш болып өтті. Онда оқушылар біртуар ақиық ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, оның өлеңдеріне жазылған әндерді орындады.
Мазмұнды жиында өнерлі оқушыларға мектеп-лицей директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Ысқақова, тарих пәні мұғалімі А.Қаржаубаева, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері: С.Мұхитқызы, И.Бодықова, лицей тәлімгері М.Мамбетова қазылық жасады.
Нәтижесінде ақын өлеңдерін мәнерлеп оқудан Ф.Сұлтанжан бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орынды М.Жарасхан иемденсе, Р.Көлжан үшінші орынды қанағат тұтты. Ақынға арнау шығармашылығы бойынша Н.Бөлекбай жеңіс тұғырын бағындырса, Ш.Жолдас екінші орынға тұрақтады. Ал үшінші орынды М.Кенжебаева місе тұтты. Ән орындаудан А.Бұрханаддин бірінші, М.Жанарыстан екінші, Ш.Жеткербай үшінші орындарды иемденді.
Сағыныш ӨТЕУЛИЕВА,
№ 266 мектеп-лицейдің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

16 ақпан 2018 ж. 2 857 0

Тиісіп қоймады ғой

15 сәуір 2024 ж. 80

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930