Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттіктері тоқтатылды

Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттіктері тоқтатылды

Президент барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттіктерін тоқтату туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Қазақстандық қос есімді азаматтар құжаттарында дефис қолдана алатын боладыҚазақстан Республикасы Конституциясының 86-бабының 5-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 101-бабының 3-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылсын.
2. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау, оның дайындығы мен өткізілуін ұйымдастыру жөніндегі шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдасын.
4. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Президенті Қ.Тоқаев

Астана, Ақорда, 2023 жылғы 19 қаңтар

№ 105

19 қаңтар 2023 ж. 382 0

Азаттықтың ақтаңгері

14 сәуір 2026 ж. 144

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930