Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бапкерлер құрметке бөленді

Бапкерлер құрметке бөленді

Биылғы жыл Қазалы ауданы үшін сәтті болды десек жарасады. Соның ішінде №17 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі үшін жемісті әрі олжалы болды. Соған сәйкес Бақытбек Мәмбетжан басқаратын мектептің 2022 жылғы қорытынды кешіне куә ­болып қайттық.
 Әлем біріншілігінен 1 күміс, Азия чемпионатынан 1 күміс және 3 қола, ал ҚР чемпионатынан 16 алтын, 10 күміс, 17 қола қоржынға салған спортшылар қандай марапатқа болса да лайық. Дей тұрғанмен, олардың артында білікті бапкер мен жан аямай тер төгетін жаттықтырушылардың да тұрғанын ұмытпаған жөн.
Мұны қаперден шығармаған мектеп ­директоры Бақытбек Мәмбетжан бүгінгі басқосуда чемпиондар даярлап жүрген бірқатар білікті бапкерлерді құрметке бөледі.
Ең әуелі «Еңбек даңқы» төс белгісімен, Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың «Алғыс хатымен» және бокс бөлімшесінің «Үздік жаттықтырушы» бағамымен бокс бөлімшесінің аға жаттықтырушысы, ҚР-на еңбегі сіңген жаттықтырушы Бақытбек Құлбаев марапатталды. Одан соң Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағановтың «Алғыс хатын» мектеп әдіскері Қанат Дайрабаев пен грэпплинг бөлімшесінің жаттықтырушысы Жансая Мұрат еншіледі. Сол секілді Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасының басшысы ­Руслан Рүстемовтың «Алғыс хатын» дзюдо бөлімшесінің жаттықтырушысы Айболат Абенов, грек-рим күресі бөлімшесінің бапкері Азамат Базарбаев, ауыр атлетика бөлімшесінен Әлихан Іздік және грек-рим күресі бөлімшесі бойынша Ербол Сахи иеленді.
Марапат иелері қатарында жылдың «Үздік жаттықтырушыларыда» болды.
Бұл ретте Ауыр атлетика бөлімшесінің бапкері Азиз Жақсылық, волейбол бөлімшесінің жаттықтырушысы Нұрсұлтан Байжан, гандбол бөлімшесінен Жеңісбек Құрманәли, грек-рим күресінен Әмірбек Айнадинов, дзюдо бөлімшесінің бапкері Айболат Абенов, таеквондо бөлімшесінің жаттықтырушысы Дәулет Кадиров,
Футбол бөлімшесінен Самат ­Жұбаниязов, грэпплинг бөлімшесінің жаттықтырушысы Жансая Мұрат төбе көрсетті. Мектептің «Үздік әдіскері» Қанат Дайрабаев болса, «Үздік кешен меңгеруші» Айбек Бакенов атанды.
Ал «Қазалы» газетінің тілшісі Абзал Жолтерек «Үздік ақпараттандырушы» бағамымен марапатталды

Серік АҚМЫРЗА
31 желтоқсан 2022 ж. 376 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031