Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалылық боксшы Азия чемпионатының жүлдегері атанды

Қазалылық боксшы Азия чемпионатының жүлдегері атанды

Қазалы ауданындағы №17 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің былғары қолғап шеберлері республикада ғана емес, әлемдік аренада топ жарып келеді. Оның басым көпшілігі ҚР-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Бақытбек Құлбаев баптаған қазалылық боксшы қыздар.
31 қазан мен 13 қараша күндері аралығында Иордания мемлекетінің астанасы Амман қаласында бокстан әйелдер арасындағы Азия чемпионатында №17 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің тәрбиеленушісі Гүлсая Ержан күміс жүлдені қанжығасына байлады.
Есте болса, 81 келі салмақта дәрежесінде бақ сынаған боксшы жартылай финалда вьетнамдық Ти Хонг Нгуенді 5:0 есебімен артта қалдырған болатын. Дегенмен ақтық сында Үндістан елінің боксшысы Савитиге есе жіберді.
«Финалдағы қарсыласты менсінбеуге болмайды. Қанша дегенмен алтын жүлде сарапқа салынып жатқан соң, бар күш-жігеріңді саласың. Үндістандық ару тәжірибелі екен. Оны шаршы алаңда байқадым. Спорт болған соң жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді. Бұл жолы күміс жүлде бұйырып тұр екен. Бірақ келесі жолы осы күмісті алтынға айырбастайтын боламын. Алдағы уақытта кеткен қателіктермен жұмыс жасап, әлемдік біріншіліктерде топ жаруға ниеттімін», – дейді Гүлсая Ержан.
Айта кетейік, Амман қаласында өткен Азия чемпионатында Қазақстанның спортшы қыздары 3 алтын, 1 күміс, 5 қола медаль еншілеп, ел құрамасы командалық есепте топ бастады.
14 қараша 2022 ж. 999 0

Бау-бақшасы жайқалған

30 наурыз 2025 ж. 244

Жеңімпаз атанды

30 наурыз 2025 ж. 240

Асық ойнаған озады

29 наурыз 2025 ж. 251

ҰШҚЫР ДОП ШЕБЕРІ

29 наурыз 2025 ж. 238

Келіннің ақылы

29 наурыз 2025 ж. 239

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31