Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада жедел респираторлы вирусты инфекциясын жұқтырғандар көбейді

Қызылордада жедел респираторлы вирусты инфекциясын жұқтырғандар көбейді

Биыл Қызылорда облысында 15 760 адам жедел респираторлы вирусты инфекциясын жұқтырды.
2021-2022 жылғы эпид маусымда Қызылорда облысы көлемінде жедел респираторлы вирусты инфекцияның 23550 жағдайы тіркеліп, 100 мың халыққа шаққандағы аурушаңдық көрсеткіші 2863,9 құрады. Бұл 2020-2021 жылдардағы эпидмаусыммен салыстырғанда 51 пайыз жоғары. Ауруға шалдыққандардың 67,1 пайыз – 14 жасқа дейінгі балалардың үлесінде. Жалпы биылғы жылы 15 760 ЖРВИ дерегі тіркелген.
2021-2022 жылдардағы эпидмаусымында облыс көлемінде зертханалық жолмен нақтыланған тұмау ауруының 9 жағдайы тіркелді. Ауруға шалдыққандардың барлығынан тұмау вирусының А түрі (А(H3N2) анықталды.
Бұдан бөлек, жедел респираторлы вирусты инфекциясының ауыр ағымдағы 2143 науқастан алынған сынамалар ПЦР әдісімен тексеріліп, нәтижесінде 33 сынамада тұмау емес вирустар анықталды. Басым көпшілігі немесе 57,5 пайыз-аденовирус, 24,2 пайыз – риновирус, 3 пайыз – парагрипп, 12,1 пайыз – РСВ және 3 пайыз метапневмовирус.
Тұмаудың эпидахуалын тұрақтандыру және ауру деңгейін төмендету мақсатында жыл сайын жергілікті бюджеттен тұмауға қарсы вакцина сатып алынады. Биыл 85000 доза вакцина қоймаға жеткізілді. Тұмауға қарсы иммундауға Ресей елінде өндірілген «Гриппол плюс» вакцинасы қолданылады. Препараттың құрамына қосылған «Полиоксидоний» иммуномодуляторының арқасында иммунофармакологиялық әсері күшее түскен. Иммундық статустың түзілуі арқасында ағзаның басқа жұқпаларға төзімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №612 қаулысымен бекітілген медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде міндетті профилактикалық екпелерді жүргізу қағидаларына сәйкес жыл сайын тұмауға қарсы вакцинациялау тиісті контингенттерге тұрғылықты мекен-жайы бойынша емханаларда тегін жүргізіледі. Олар медицина қызметкерлері, медициналық ұйымда диспансерлік есепте тұрған балалар және балалар үйлерінің, сәбилер үйлерінің балалары, қарттар үйінің контингенті. Сондай-ақ эпидемиологиялық көрсетімдері бойынша жүргізіледі. Бұдан бөлек, аталған контингентте қамтылмаған адамдар екпені ақылы түрде Interteach клиникасынан салдыруына болады. ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 19 қыркүйектегі № 30 Қаулысына сәйкес тұмауға қарсы вакцинация 3 қазаннан бастап жүргізіледі.
Тұмау өзінің асқынуларымен қауіпті. Ең жиі кездесетін тұмау ауруының асқынуы – пневмония. Өлім жағдайларының 7-42 пайыз осы дерттің үлесінде. Басқа да жиі кездесетін асқынулар – бронхит, синусит, отит, миозит, миокардит.
Тұмау ауруы 2 жасқа дейінгі балалар, созылмалы ауруы бар науқастар және қарттар арасында ауыр ағымда өтеді. Сондықтан респираторлық аурулардың бірінші белгілері пайда болған кезде өзін-өзі емдеумен айналыспай, тез арада аймақтық дәрігергерді үйге шақыртып, дер кезінде ем алу қажет.
Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ЖРВИ және тұмаудан сақтану үшін вакцина алуға, сонымен қатар иммунитетті көтеру үшін салауатты өмір салтын сақтануға, жеке бас гигиенасын орындауға кеңес береді.
26 қыркүйек 2022 ж. 262 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 84

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930