Биылғы бес айда шетелден 23,3 млн литр шырын әкелінді
Әр қазақстандық айына жарты литр тәтті сусын ішеді. 2021 жылдың қаңтар-маусымында елімізде 31,8 млн литр жеміс-көкөніс шырындары өндірілді, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 4,6% артық, деп хабарлайды inbusiness.kz energyprom.kz-ке сілтеме жасап.
Өңірлер бойынша жалпы өндірістің 41,9% -ы тек Алматы облысына тиесілі: 13,3 млн литр - 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,7 есе көп. 2020 жылы елімізде 58,9 млн литр шырын өндірілді, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 21,3% -ға аз. Айта кету керек, тәтті сусындар өндіру көлемі үшінші жыл қатарынан азайып келеді. Биыл елімізде 1,9 млн литр көкөніс шырыны шығарылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 9,6% төмен. Өндіріс көлемінің барлығы дерлік қызанақ шырынын өндіруге келеді: 1,9 млн литр - 2020 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 6,7% аз. Жеміс-жидек шырындарын өндіру жылына 5,7%-ға 29,9 млн литрге дейін өсті. Апельсин - 50,4%-ға, 12,6 млн литрге, ананастан жасалған сусын - 11,6%-ға, 1,3 млн литрге дейін өсті. Ал алма шырыны (- 12,9%, 6,5 млн литрге дейін) мен жеміс шырындарының қоспасын (- 10,8%, 7,4 млн литрге дейін) өндіру керісінше төмендеді. 2021 жылғы қаңтар-мамыр айының соңында жергілікті компаниялар жеміс-көкөніс шырындарына сұранысты (ішкі нарықта сату плюс экспорт) 56%-ға қамтамасыз етті. Бір жыл бұрын көрсеткіш 57,3% болатын. Тиісінше, импорт 44%-ды құрады. Елімізге 23,3 млн литр шырын әкелінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 0,5% -ға көп. Сектордағы экспорт көлемі мардымсыз. Биыл ішкі нарықта 52,5 млн литр шырын сатылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,4%-ға аз. Әр айға шаққанда шамамен 10,5 млн литр. Осылайша, бір қазақстандыққа айына орта есеппен 0,55 литр шырыннан келеді.