Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде мұнай өндірісі төмендеді

Елімізде мұнай өндірісі төмендеді

Алайда ОПЕК+ келісіміне сәйкес жаз айларында өндіріс көлемін арттыруға мүмкіндік береді. Биылғы жылдың қаңтар-ақпан айларында елімізде 11,6 млн тонна шикізат өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 13,2% төмен, деп хабарлады inbusiness.kz порталы energyprom.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл өзгеріс ОПЕК+ келісімімен көзделген. Алайда жаңа талаптарға сәйкес жаз айларында өндіріс көлемін арту мүмкіндігі қарастырылған. Себебі 1 сәуірде келісімге мүше мемлекеттер мамыр мен маусым айларында өндіріс көлемін тәулігіне 350 мың баррельге арттыруға уағдаласты. Ал шілдеде бұл көрсеткіш 450 мың баррельге жеткізілмек. Яғни, пандемия кезінде енгізілген шикізат өндіру бойынша қатаң шектеулер уақыт өте келе алынады. Осы ақпараттан кейін әлемдік нарықта «қара алтын» бағасы қымбаттай түсті. ОПЕК+ келісіміне мүше елдердің келесі кездесуі 28 сәуірге жоспарланған. Өңірлер арасында мұнай өндіру көрсеткіші бойынша дәстүрлі түрде Атырау облысы алда келеді. Мұнда биылғы жылдың екі айында 7,5 млн тонна шикізат барланды. Әйтседе, көрсеткіш өткен жылдан 16,1% төмен. Одан кейінгі орында Маңғыстау (2,6 млн тонна) және Ақтөбе (758 мың тонна) облыстары тұр. Аталған өңірлерде «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н. В.», «Теңізшевройл» ЖШС, «Ембімұнайгаз» АҚ (Атырау облысы), «Қаражанбасмұнай» АҚ, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Қаракұдықмұнай» ЖШС (Маңғыстау облысы) және өзге де компаниялар жұмыс істейді. Жалпы компаниялар 2020 жылы мұнай өндіруді 7,1%-ға немесе 73 млн тоннаға қысқартқан.


07 сәуір 2021 ж. 2 463 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930