Мәртебесі артқан мамандық
Соңғы он жылдықтың көлемінде ғалым да, шахтер де бас иген мамандық иелерінің мәртебесі туралы сөз қозғау көңілге ауыр тиетін. Өйткені ұстазды қолы бостың бәрі сотқа тартқыш болып кетті. Оның үстіне бұрын таяқпен дәріске үйреткен, осылайша білімді тәрбиемен бірге берген жандар балаға дауыс көтеруге қорқатын күйге жетті. Бұл білімнің сапасын нашарлатып, оқушыларға ойына келгенін істеуіне жол берді. Мұны байқаған мемлекет басшысы білім саласына Асхат Аймағанбетовты тағайындап, реңді реформа жасауға пәрмен берді. Мұғалім мәртебесі туралы заң шығарып, жалақысын жыл сайын арттырып, төрт жыл ішінде 100 процентке өсіруді қадап тапсырды. Нәтижесі де жаман емес. Балаларға әліппе қайтарылып, білім саласын басқару оңтайландырылды. Бұдан бөлек ұстаздар қаржылық қажеттіліктен біртіндеп арылып, өзінің кәсіби міндетіне баса көңіл бөле бастады. Биыл олардың айлық жалақысы тағы 25 процентке артатын болды.
Ұстаздардың кәсіби міндетін атқаруға, өскелең ұрпаққа білім беруде кедергі келтіретін жайттар мұнымен бітпейтіні анық. Мәселен мектептегі қағазбастылықты қысқарту жылдар бойы шешілмей келе жатыр. Бұдан бөлек дәптер тексеру мен журнал толтыру, күнделікті жоспар жасау біршама уақытты талап етеді. Бұл да назарға ілігіп, 2020 жылдың қыркүйек айынан бастап сыныпқа жетекшілік еткені үшін және дәптер тексергеніне төленетін қосымша ақы екі есеге ұлғайды. Былтырдан бастап магистр дәрежесін алған 50 оқытушыға қосымша ақы төленіп келеді.
Бұған дейін де жас педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету мақсатында тәлімгерлік институты қалыптасқанын қуана хабарлаған едік. Бұл тәжірибе сабақтастығын қалыптастырып, бала тәрбиесін жақсартуға, білім берудің тиімді әдістемесін ауданда қалыптастыруға таптырмас тәсіл екені анық. Еңбек өтілі орасан мұғалімдердің бұл істе ынтасын арттыру мақсатында тәлімгерлік үшін ай сайын 17 мың теңге үстемеақы қарастырылғаны да көңілге медеу. Мұндай көпке үлгі ұстаздардың саны ауданда қырықтан асады.
Аудандық білім бөлімінің ұсынған мәліметтеріне сенсек ауданда 2473 мұғалім қызмет етуде. Соның ішінде біліктілік санатын растаған педагог-зерттеуші саны биыл 412-ке жеткен. Мұнымен қоса 783 ұстаз педагог-сарапшы санатына, 424 оқытушы педагог-модератор сатысына ие. Бүгінгі күні олардың барлығына Президент уәде еткен жалақы мөлшерінің 30%-нен 50%-ке дейін үстемеақы төленуде.

Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ