Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Білім министрі биылғы оқу жылына дейінгі басты міндетті атады

Білім министрі биылғы оқу жылына дейінгі басты міндетті атады

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов "Педагог мәртебесі туралы" заң жобасын депутаттардың қарауына енгізу мерзімін нақтылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазір біз "Педагог мәртебесі туралы" заңды дайындап жатырмыз. Оны өздеріңіз білесіздер, министрлік бұл заңды бір жыл бойы жан-жақты талқылады, сондықтан қыркүйекке дейін біз бұл заң жобасын мәжіліске кіргізуіміз керек. Сол себепті нақты шешімдер болғаннан кейін барлығын білетін боласыздар", - деді Аймағамбетов Sputnik Қазақстан тілшісі берген сұхбатында.

Айта кетесек, президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаздардың мәртебесіне қатысты заңды жылдың соңына дейін қабылдауды тапсырды.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы мұғалімдер осы заңның игілігін, пайдасын сезінуі тиіс екенін атап өтті. Сонымен бірге президенттің айтуынша, ұстаздар білім саласымен қатар ғылым саласына да тиісті көңіл бөлуі керек.
19 шілде 2019 ж. 1 233 0

Таңғажайып түн

19 мамыр 2025 ж. 57

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031