Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Самокат иелеріне қатысты шектеу шаралары Жаңа жылға дейін қабылданады – Депутат

Самокат иелеріне қатысты шектеу шаралары Жаңа жылға дейін қабылданады – Депутат

Фото: istockphoto.com
Мәжіліс депутаты Абзал Құспан Ішкі министрлігі ғимаратында өткен Үкімет сағаты кулуарында электросамокат иелеріне қатысты шектеу шаралары Жаңа жылға дейін қабылдануы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оның айтуынша, қазір Мәжілісте электросамокат қозғалысын реттейтін заң жобасы талқыланып жатыр. Онда самокаттардың жаяу жүргіншілер жолымен жүруіне тыйым салу мәселесі қарастырылған.

"Бұл мәселе Мәжілісте талқыланып жатыр. Президент те өз жолдауында бұл тақырыпқа назар аударған болатын. Көпшілік депутаттардың пікірі ортақ, сондықтан шектеулерді биылғы жылдың соңына дейін енгізу ықтималдығы жоғары", — деді Абзал Құспан.

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Үкімет сағатындағы баяндамасында самокаттар мен скутерлер жүретін веложолдың тапшылығын сөз етті.

"Елімізде самокаттар скутерлерге инфрақұрылым жоқ. Республика бойынша 500 км веложол ғана бар. Сатуға, жүргізуге рұқсат берер алдында бәрін ойластыру керек. Көлік министрлігі ғана емес, Сауда министрлігі бәріміз бірлесіп жұмыс істеуіміз керек.Қазір тағы 2800 км веложол салуды ұсынып отырмыз. Көп пе, аз ба тағы талқыланады", - деді министр.

Бұған дейін Душанбеде 2030 жылға дейін электрсамокаттар мен электрскутерлер қозғалысына тыйым салынғанын жазған болатынбыз. Қазақстанда самокаттардың тротуарда жүруіне тыйым салуды талап ететін петиция жарияланған еді.
13 қазан 2025 ж. 228 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 165

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 129

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 116

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 123

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 115

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031