Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев мұғалімдердің жалақысын екі есеге өсіруді тапсырды

Тоқаев мұғалімдердің жалақысын екі есеге өсіруді тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тамыз конференциясында үкіметке төрт жыл ішінде мұғалімдердің жалақысын екі есеге өсіруді тапсырды.
Қазақстан президенті мұғалімдердің айлығы төмен екенін атап өтті.

"Турасын айту керек. Бүгінде мұғалімдердің жалақысы ең төмен деңгейде қалып отыр және экономика бойынша орташа жалақының 65 процентін ғана құрайды", - деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы ұстаздардың айлығын көтеруді тапсырды.

"Мұнымен, әрине, біз келіспейміз. Сондықтан үкіметке білім саласына білікті мамандарды тарту үшін және мұғалім мәртебесін көтеру үшін жалақыны төрт жыл ішінде екі есеге көбейтуді тапсырамын", - деді ол.

Президенттің айтуынша, "Педагог мәртебесі" туралы заң жобасында ұстаздарды қолдаудың кешенді шаралары қарастырылған. Атап айтқанда, мұғалімдердің жүктемесін азайту, абыройы мен беделін көтеру, материалдық жағдайын жақсарту жоспарланып отыр.

Сынып жетекшілігі мен дәптер тексергені үшін қосымша ақыны екі есеге өсіру, еңбек демалысының мерзімін 56 күнге дейін ұлғайту, магистр дәрежесі үшін үстемақы төлеу және тағы басқа шаралар көзделген.

alashainasy.kz
16 тамыз 2019 ж. 2 100 0

Егемен елге еге – мен!

25 қазан 2025 ж. 130

Елімен бірге есейген

25 қазан 2025 ж. 118

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031