Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Болашақтың бағыты айқын

Болашақтың бағыты айқын

Егемендік алған жылдардан бергі елде орын алған оқиғалардың барлығы көз алдымда тұр. Бұған дейін жаңа астананың бой көтергені, Үкімет басындағылардың тәуелсіздікті нығайту мақсатында қолға алған шаралары, ел болып еткен еңбек, экономиканың өсім алуы – мұның барлығы жұдырықтай жұмылған ұлттың жетістігі деп білемін. Мен ауылшаруашылық саласына бір адамдай еңбегімді сіңіріп, зейнетке шықтым. Жақында жарық көрген мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мақаласын оқып, кешегі елдің болашағы үшін жасаған жасампаз істері тарих беттеріне түсіп үлгергенін байқадым.
Шынында да бодандықтан басын арашалап алған жас Қазақ елі мен қазіргі Қазақстанның арасы жер мен көктей. Президент осы аралықты үш кезеңге бөліп, әр онжылдықтағы жеткен жетістігімізді шебер суреттеген екен. Кеңес үкіметінің құрсауынан шыққан біздің ел үшін қай саланың да ол тұстағы жағдайы мәз емес еді. Алайда алғашында соқа санының өзі сорлы күйде тұрған сол сәт пен қазіргі ауыл шаруашылығының әлеуетін салыстыруға келмейді. Әлемде қандай озық технология қолданысқа енер болса, көп ұзамай-ақ қазақ шаруаларының қолында жүретін жағдайға жеттік. Егін егіп, мал ұстағысы келгендер де жерден тарықпайды, мемлекет субсидиясына қарық. Тіпті жиналған өнімді өткізуде, оны балғын қалпында тапсырыс иесіне жеткізу де бұрынғыдай машақат емес. Мұның барлығы еліміздің экономикасы жолға қойылып келе жатқанының айқын көрінісі десем қателеспеймін.
Ел Преиденті айтқандай Тәуелсіздік – ата-бабамыз аңсаған, талай боздақтың қанымен келген баға жетпес құндылық. Оның тұғырын берік ұстау, бабаларымыз аманаттаған жерді көздің қарашығындай сақтау бүгінгі ұрпақтың қасиетті борышы. Солай болған жағдайда ғана келешегіміз айқын, қадамымыз нық болатыны күмәнсіз.

Мұқарап ТАБЫНБАЕВ,
ауылшаруашылық саласының ардагері
16 қаңтар 2021 ж. 2 599 0

Доллар бағасы күрт арзандады

02 желтоқсан 2025 ж. 239

Аудан ажары арта түспек

02 желтоқсан 2025 ж. 129

Тазалық таразысы

02 желтоқсан 2025 ж. 129

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031