Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тәуелсіздік – мәңгілік ел тұғыры

Тәуелсіздік – мәңгілік ел тұғыры

Жақында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласы жарық көргенін білеміз. Онда мемлекет басшысы осы сәтке дейін ел болып бағындырған белестер мен болашақ құрған бағдары туралы әңгімелеген. Сонымен бірге егемендік алған отыз жыл ішінде Қазақ елінің бұғанасы қатайып, мемлекет ретінде тарих беттерін қалыңдата түскенін баяндаған. Мен ел Президентінің мақаласында көтерілген мәселелер мен елдің өткенін талдауын жан-жақты қолдаймын.
Расымен де алғашқы онжылдықта еліміз тәуелсіздігін нығайту, экономиканы аяққа тұрғызуға баса мән берді. Бұл тұста жас мемлекеттің ең үлкен жетістігі шекараны шегендеу екені түсінікті. Өзім географ ретінде қазба байлыққа бай, жер көлемі жағынан әлемнің жүздеген дамыған елдері арасынан тоғызыншы орын алатынын оқушыларға мақтанышпен айта аламын. Олардың да жүрегі ешкімге күні қарамаған азат елі үшін шынайы сезіммен соққанын қалаймын. Мемлекеттің осы кезеңде алға қойған асулы мақсаттарын жетілдіретін, жеңіс шыңына жеткізетін жастардың патриоттық сезімі терең болса екен деймін.
Мемлекет дамуының екінші, үшінші кезеңдері халықаралық жобаларды үйлестіруге, қолға алынған бағдарламаларды дамытып, ел әлеуетін арттыруға жұмсалды деп сенімді түрде айтуға болады. Отыз жыл ішінде еңсе көтерген еліміздің ертеңінің де көрегенді басшылардың бастауымен баянды болатынына сенімім кәміл.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жер, тәуелсіздіктің тұтастығы мәселесіне байланысты білдірген пікірі де елдің еңсесін көтергені анық. Қазақ жерінің ата-бабадан қалған мұра екені, оны қазаққа ешкімнің сыйға тартпағаны бесенеден белгілі. Даулы мәлімдеменің нүктесін қойған мемлекет басшысының мәлімдемесінде көрегенділік пен саяси этика қатар үндесіп жатты. Осыдан кейін қазақ жұртының кеудесінде мақтаныш ұялағаны анық.
Жарқынгүл МАХСУТОВА,
№266 мектеп-лицейдің мұғалімі
09 қаңтар 2021 ж. 2 763 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930