Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кезектен тыс сайлау – келешектің қамы

Кезектен тыс сайлау – келешектің қамы

Бүгін Қазақстан Республикасының Перзиденті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдаған Үндеуін тыңдадым. Онда еліміздің Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы осы жылдың 9 маусымында өтетіні айтылған. Бұны ел болашағы үшін жасалған ұтымды шешім деп бағалаймыз.
Тұңғыш Президент Н.Назарбаев осы уақытқа дейін елдің аяққа нық тұруы үшін аянбай еңбек етті. Қазақ халқының әлеуметтік-саяси әл-ауқатын көтерді. Бұл міндеттерді қазіргі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та абыройлы жалғастырып келеді.
Қазіргі таңда ел басшысы айтқандай, әлемдік саясат тұрақты емес. Сондықтан келешекке кемелді жоспар құру үшін нақтылық қажет. Осы орайда Қазақстан халқының алдағы сайлауға бірауыздан атсалысуға шақырамын. Әрбір азамат елдің, өзінің, келер ұрпағының келешегі үшін маңызды шараға атүсті қарамауы керек. Оның үстіне сайлаудың әділ әрі ашық түрде өтуіне Президент өзі кепілдік беретінін айтып өтті.
Мен демократия кең етек жайған Қазақстан Республикасының азаматы ретінде әлеуметтік-экономикалық мақсат-міндеттерді лайықты жүзеге асыру үшін жоспарланған кезектен тыс сайлаудың өтуін қолдаймын. Әрі бұл шешім ел дамуындағы саяси маңызы жоғары қадам деп білемін.
Алик Тілеумбетов
№94 мектеп директоры
09 сәуір 2019 ж. 2 235 0

Таңғаларлық операция

18 мамыр 2025 ж. 47

АЛҚАПТАҒЫ АЛҒАШҚЫ ДӘН

17 мамыр 2025 ж. 72

Ел қорғаны боламын

17 мамыр 2025 ж. 70

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031