Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Таза Қазақстан – таза қоғамның келбеті

Таза Қазақстан – таза қоғамның келбеті

Тазалық – тек айналаның ажары емес, ол – адамның мәдениеті, қоғамның санасы, елдің өркениет деңгейі. Ал туған жерін таза ұстау – әр азаматтың жүрек қалауынан, азаматтық жауапкершілігінен басталады. Бүгінде осы ұстаным «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында кең қанат жайып келеді.
19 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысып, еліміздегі тазалық пен қоршаған ортаны қорғау мәселелерінің маңызына тоқталды.
Президент өз сөзінде: ««Таза Қазақстан» – жалпыұлттық сипатқа ие болған бастама, сонымен қатар, бұл – халқымыздың саналы таңдауы. «Таза Қазақстанды» ұлт болмысына озық өзгерістер әкелген бірегей жоба деп атауға да болады. Осындай маңызды жұмыстың арқасында халқымыздың бойында мүлде жаңа қасиеттер мен құндылықтар пайда бола бастады. Біз «Таза Қазақстан» қозғалысын жаңа сапалық деңгейге көтеруіміз керек. Елімізде тазалықтың ұлттық стандартын әзірлеу қажет деп ойлаймын. Бұл – уақыт талабы»-деді.
Расында, соңғы уақытта ел көлемінде тазалық пен абаттандыруға, көгалдандыру мен қоршаған ортаны қорғауға деген қоғамдық жауапкершілік артып келеді.
Аула тазалығы, көше көркі, елді мекендердің ажары – мұның бәрі сол жерде тұратын халықтың мәдениетімен тікелей байланысты. Таза әрі көрікті орта қалыптастыру тек коммуналдық қызметтердің немесе белгілі бір мекеменің міндеті емес. Бұл – баршаға ортақ іс.
Мемлекет басшысы атап өткендей, осындай маңызды жұмыстардың арқасында халықтың бойында жаңа қасиеттер мен құндылықтар қалыптаса бастады.
Президент елімізде тазалықтың ұлттық стандартын әзірлеу қажет екенін айтты. Бұл ұсыныс тазалық мәселесін жүйелі түрде қарастырып, елді мекендердегі санитарлық ахуал мен абаттандыру мәдениетін бірізді қалыптастыруға жол ашатын маңызды қадам болмақ.
Тазалықтың ұлттық стандарты дегеніміз – ең алдымен, ортақ тәртіп пен ортақ жауапкершілік. Әр өңірдің, әр ауданның, әр ауылдың өзіндік ерекшелігі болғанымен, барлығына ортақ бір талап бар: туған жерді таза ұстау, табиғатты қорғау, қоршаған ортаға құрметпен қарау.
«Таза Қазақстанның» мәні де осында.
21 қыркүйек 2026 ж. 21 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930