Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ерлердің бала күтіміне шығуы мен әйелдерге берілетін қолдау өзгеруі мүмкін

Ерлердің бала күтіміне шығуы мен әйелдерге берілетін қолдау өзгеруі мүмкін

Қазақстанда әлеуметтік көмек көрсету жүйесін өзгерту жоспарланып отыр. Атап айтқанда, төлемдер мен жеңілдіктерді ең алдымен шын мәнінде мұқтаж азаматтарға тағайындау көзделеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мұндай тапсырманы 2026 жылғы 19 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында сөйлеген сөзінде берген.
"Жалпы, Үкімет Құрылтаймен және барша белсенді қоғам өкілдерімен бірлесіп, әлеуметтік көмек пен жеңілдіктерді атаулы түрде ұсынуды қамтамасыз ету үшін жұмыс жүргізуі керек. Қарапайым тілмен айтқанда, мемлекет шын мәнінде мұқтаж азаматтарға көмек көрсетуге тиіс, міндетті. Бұл – барынша әділетті шешім", – деді президент.
Ал бүгін, 21 қыркүйекте премьер-министр Олжас Бектенов президент тапсырмаларын орындау мәселелері бойынша кеңес өткізді. Үкіметтің мәліметінше, азаматтарға әлеуметтік көмек пен жеңілдіктер көрсету мәселесі бойынша еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев баяндама жасады.
Ведомствоның мәліметінше, бірінші кезеңде қолданыстағы 36 төлемнің 14 түрі бойынша "шын мәнінде мұқтаж адамдарға көмек көрсету" қағидатына сәйкес мемлекеттік қолдаудың атаулы моделіне көшу үшін нормативтік база әзірленіп жатыр.
Екінші кезеңде жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік көмектің 13 түрін мұқтаждық деңгейін ескере отырып, төрт түрге біріктіру жоспарланған.
"2027 жылдың басынан бастап ардагерлерге мемлекеттік қолдау көрсету кезінде атаулылық пен мұқтаждық қағидатын енгізу бойынша ұсыныстар айтылды. Сондай-ақ ер адамдарға бала күтіміне байланысты мемлекеттік демалыс берудің орындылығы, әйелдерге бала күтімі кезеңінде екі жыл бойы көрсетілетін қолдау форматын өзгерту мүмкіндігі қаралды. Бұл ретте бөбекжайлардағы орындармен қамтамасыз ету және кіші жастағы балаларға күтім жасайтын күтушілер тапшылығын шешу мәселелері ұсынылды", – делінген Үкіметтің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көмек көрсету процесіне жасанды интеллект құралдарын енгізудің нәтижелері баяндалды. Мәселен, мүгедектік белгіленген медициналық құжаттарды қолдан жасауға қатысты 167 жағдай анықталып, бұл фактілер құқық қорғау органдарына берілген. Сондай-ақ әртүрлі адамдарда бірдей деректер кездесетін 18 647 жағдайдан тұратын тізім жасалған. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.
Үкіметтің мәліметінше, жоғарыда аталған реформалар "Цифрлық отбасы картасы" жүйесінің деректеріне сәйкес әл-ауқат деңгейі "А" – жоғары және "В" – ауқатты санаттарына жататын мемлекеттік көмек алушыларды қамтиды.
Бұл бағытта әкімдіктер "Цифрлық отбасы картасы" ақпараттық жүйесі арқылы азаматтарға сауалнама жүргізіп жатыр.
2026 жылғы 1 қазаннан бастап әлеуметтік төлемдерді ұсыну шарттарындағы өзгерістер туралы халыққа SMS, eGov Mobile және банктердің мобильді қосымшалары арқылы кезең-кезеңімен ақпарат беріле бастайды.
Аталған ұсыныстардың барлығы бойынша заңнамалық өзгерістер әзірленіп, Құрылтайдың қарауына енгізіледі.
Премьер-министр Олжас Бектенов Еңбек министрлігіне өңір әкімдерімен бірлесіп, әлеуметтік көмек пен жәрдемақыларды атаулы түрде ұсынуды қамтамасыз ету жұмыстарын үйлестіруді тапсырды.
Тапсырмалардың орындалуын үйлестіру премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевқа жүктелді.
21 қыркүйек 2026 ж. 19 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930