Жоба жемісті жалғасуда
Ауылдың әлеуеті – елдің әлеуеті. Сондықтан ауыл тұрғынына кәсіп бастауға мүмкіндік беріп, өндірісін өркендетуге жағдай жасау – өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей әсер етеді. Ал «Ауыл аманаты» осы мүмкіндікті нақты іске айналдырып, ауыл халқының әл-ауқатын арттырып қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын ашуға, жергілікті жердегі өндірісті дамытуға және тұрғындардың тұрақты табыс көзіне ие болуына ықпал етуде.
Аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі жариялаған мәліметке сүйенсек, 2023-2025 жылдары «Ауыл аманаты» жобасы аясында жалпы құны 1 миллиард 842 миллион теңгені құрайтын 255 жоба жүзеге асырылған. Соның нәтижесінде 300-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылды.
Жобалардың ауқымы алдағы уақытта да кеңейе түспек. 2026 жылы жобаларды іске асыру мақсатында республикалық бюджеттен облысқа 5,6 миллиард теңге бөлу жоспарлануда. Оның ішінде аудан бойынша 88 жобаны қаржыландыруға 850,0 миллион теңге бағыттау көзделген. Бұл қаржы ауылдағы жаңа бастамаларға серпін беріп, тұрғындардың кәсіппен айналысу мүмкіндігін одан әрі арттыруға жол ашпақ.
Бағдарлама аясында ауыл шаруашылығының өзге де бағыттарына басымдық берілуде. Соның бірі – жылыжай шаруашылығы. Соңғы жылдары ауданда жылыжай салуға және көкөніс өндірісін жолға қоюға бағытталған жобалардың саны артып келеді.Бүгінде жалпы құны 62,2 миллион теңгені құрайтын, жалпы аумағы 1200 шаршы метр болатын 9 жылыжай іске қосылған. Оның тиімділігі де нақты нәтижемен көрінуде. Биыл аталған жылыжайларда 10 тоннаға жуық қияр мен қызанақ өндірілді. Бұл бір жағынан жергілікті нарықты көкөніспен қамтуға мүмкіндік берсе, екінші жағынан ауыл тұрғындары үшін табысты кәсіптің жаңа көзін қалыптастыруда.
Мал шаруашылығын дамыту бағытында да атқарылған жұмыс аз емес. Бағдарлама шеңберінде жалпы құны 265,5 миллион теңгеге 416 бас асыл тұқымды мал сатып алынған. Оның ішінде 80 бас жылқы, 247 бас ірі қара мал, 20 бас түйе және 69 бас ешкі бар. Қазіргі таңда төл алу есебінен мал басы 456 басқа дейін артқан.
Ауылдық аумақтарды дамыту, халықтың тұрмыс деңгейін көтеру және тұрақты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар да жүйелі түрде жалғасуда. Осы ретте Бесарық ауылындағы «Абай Даулет» серіктестігінің оң тәжірибесін кеңейтуге ерекше мән беріліп отыр.Бұл бастама аясында кәсіпті бір ғана бағытпен шектемей, ауыл тұрғындарының әртүрлі өндірістік жобаларды қолға алуына мүмкіндік беретін шағын өндірістік орталықтар құрылды. Атап айтсақ, Әйтеке би кенті, Қазалы қаласы және Жалаңтөс батыр ауылында жалпы құны 59,1 миллион теңгені құрайтын, құрамына 17 жоба кіретін 3 шағын өндірістік орталық құрылып, қазіргі уақытта тұрақты жұмыс істеуде.
Аталған жобалардың ішінде жалпы құны 38,1 миллион теңгені құрайтын 5 жоба «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жүзеге асырылған. Бұл – мемлекеттік қолдаудың ауылдағы шағын кәсіпті қалыптастыруға, өндірісті жандандыруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға нақты мүмкіндік беріп отырғанының тағы бір айғағы.
А. ЖҮСІПОВА