Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлт амандығы – аманат

Ұлт амандығы – аманат

Зайырлы, дамушы мемлекет туралы сөз қозғалғанда алдымен осынша уақыт бойы не бітіргеніміз ойға оралатыны анық. Мен еліміздің патриот азаматы, дәрігер ретінде Қазақстанның әлемдік аренадағы абыройын ерекше атар едім. Бұл тұста Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегін айрықша атау керек. Бұдан кейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ елінің есімін одан әрі танымал етуге, егемен ел ретінде бұғанамызды қатайтуға тер төгіп жүр. Жақында жарық көрген Президенттің «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында бүгінге дейін жеткен жетістігіміз бен жарқын болашақтың жоспары айқын көрсетілген. Мен де антына адал дәрігер ретінде елдегі денсаулық сақтау саласының заманға зай болуы үшін еңбек етіп келемін.
Мемлекетіміздің дамып келе жатқанының айқын дәлелін бір ғана Қазалы ауданынан анық байқауға болады. Жыл сайын жаңарған инфрақұрылым, көпқабатты тұрғын үйлердің көбеюі мен қала мен кент арасының қосылуы экономиканың ілгерілегенінің көрінісі. Осыдан 15 жыл бұрын аудандағы медицинаның жағдайы жыларман күйде болса, қазір ғимараттарына дейін заман талабына сай жаңарған. Ауданаралық аурухана бүгінде жүрекке ота жасайтын жабдығы мен мамандары бар. Іш қуысына пышақ тілігінсіз лазер арқылы ота жасайтын эндовидиохирургиялық аппараты бар аудандар арасындағы санаулы нысанның бірі. Сәл ертеректе өтінде тас жиналған науқас ауруханада 14 күн емделсе, бүгінгі мүмкіншілікпен бес күннен кейін-ақ үйіне орала алады. Бұл – мемлекеттің халық денсаулығы мен ұлт амандығы үшін жасап отырған игілігі.
Президент мақаласында бұдан да өзге маңызды мәселелерді орынды қозғаған. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы лайықты деңгейде атап өтілуі керек. Мен Мемлекет басшысының көрегенді бастамаларын толықтай қолдаймын.

Көбек НАРШАБАЕВ,
ауданаралық аурухананың
хирургия бөлімі меңгерушісі
16 қаңтар 2021 ж. 2 619 0

Доллар бағасы күрт арзандады

02 желтоқсан 2025 ж. 240

Аудан ажары арта түспек

02 желтоқсан 2025 ж. 129

Тазалық таразысы

02 желтоқсан 2025 ж. 129

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031