Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жасампаз елдің жеңімпаз ұрпағы

Жасампаз елдің жеңімпаз ұрпағы

Сәрсенбі күні аудан әкімі Мұрат Ергешбаев Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейдегі соңғы жаңалықтармен танысты. Коворкинг орталығында ауданның атын шығарып, республикалық деңгейдегі жарыстарда бақ сынап, бәйге алып жүрген үздік оқушылармен кездесу өткізді.
Шара басталмас бұрын Қызылорда облысы бойынша «Үздік орта білім ұйымы» конкурсының жеңімпазы атанып, 17 000 000 теңге қаржылай сыйлық ұтып алған мектептің жағымды жаңалықтарымен білім ордасының директоры Батырбек Тәңірбергенов бөлісті. Ол оқушылар мен ата-аналар игілігіне алынған заманауи техникаларды аудан басшысына таныстырып, мүмкіндіктерін көрсетті.
– Бұл құрылғыларды «Үздік мектеп» атанғанда берілген қаржыға сатып алдық. Осы қаржының бір бөлігіне Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейдің тарихын, жаңалықтарын көрсететін сенсорлы панелді «ақпараттық киоск» алынды. Интернетке қосылған құрылғының артықшылығы кез келген ата-ана мен оқушы мектеп туралы барлық мәліметті, сабақ кестесін, пән мұғалімінің аты-жөніне дейін көре алады. Алынған дүниенің барлығы оқушылар үшін аса пайдалы болып табылады. Одан бөлек бірнеше пәндерді тереңдете оқытуға арналған «Roqed» және «BilimBook» интерактивті панельдері, дыбыс жазбаларды заманауи деңгейде әрлеуге арналған құрылғылар бар, – деді Батырбек Тәңірбергенов.
Миллионер мектеп заманауи талапқа сай жабдықталған деп айтсақ жарасады. Тереңдетіліп оқылатын пән түрлеріне арналған 1 050 000 теңгенің 75 дюймді және 823 600 теңгені құрайтын 65 дюймды Bilim book – көп салалы, жаңа форматтағы интерактивті панелі танымдық сабақ түрлерін оқытуда таптырмас олжаға айналды. Себебі мұнда соңғы технология жетістіктерімен жабдықталған бірнеше оқыту платформасы бар. Олар – “Bilim Land” платформасы, «iTest» – ҰБТ-ға дайындау бағдарламасы бойынша электронды тестілеу кешені, «iMEKTEP» бастауыш сынып оқушыларына анимациялык фильмі арқылы да оқытуға арналған дыбысты-бейнелеу туындысы бар құрылғы. Сонымен қатар «онлайн оқыту қызметі үшін «Twig-Bilim» электронды есептеуіш машинаға арналған қосымшасы бар платформа да қамтылған.
Wi-Fi желісіне қосылатын, экраны сенсорлы, физика, биология, химия, зоология, полеонтология, анатомия, ботаника пәндерін және жер туралы 3D форматтағы ғылымды үйретуге өте қолайлы етіп орнатылған дайын плафтормасы бар “Roqed” интерактивті панелін пайдаланып оқитын оқушылар алдағы уақытта сабақты тереңдетіп өтуге, олимпиадаға тыңғылықты дайындалуға мүмкіндік алды.
Бұдан бөлек, Bilim Media Group компаниясының әлеуметтік желідегі Facebook парақшасында BILIM Land ұйымдастыруымен өткізілген “Үздік онлайн мектеп” байқауы талаптарын орындап, жеңімпаз атанған білім ошағына сыйлыққа тағы бір 65 дюймды Bilim book интерактивті панелі берілген.
Сонымен қатар мұғалімдер мен оқушыларға арналған тәрбиелік-танымдық іс-шараларды заманауи деңгейде өткізу үшін 8х4 кең көлемді, 4 100 000 теңге болатын LED экран және мектепте өткізілетін барлық қоғамдық шаралардың дыбыс өңделуі мен музыкалық әрлеуіне арналған музыкалық аппаратура орнатылған.
Ұстаз бен шәкірт үшін барлық жағдай жасалған мектептің жағымды жаңалықтары осындай.
Бұдан соң аудан әкімі республикалық және облыстық байқауларда топ жарып, жүлдегер атанған 16 оқушымен еркін форматтағы кездесуге қатысты. Оқушылар аудан әкімі Мұрат Ергешбаевқа түрлі сұрақ қойып, өзіндік ой-пікірлерімен бөлісті. Мұнан соң аудан басшысы республикалық және облыстық байқауларда жеңімпаз атанған оқушыларды Алғыс хатпен марапаттап, түрлі тақырыптардағы кітапты тарту етті.
Айта кетейік, аудан әкімімен кездесуге ХІІІ республикалық «Бастау» математикалық турнирінің жеңімпазы Жанель Батырбек, «Шексіз өмір» республикалық байқауының жүлдегері Динара Күнділдә, республикалық «Ұлттық мектеп лигасында» асық атудан бірінші, екінші орын иегерлері Бабабек Әділбаев пен Ерасыл Қуантай, «IQanat» республикалық олимпиадасына қатысушы Нұрдәулет Қапар, республикалық «Зерде» конкурсының Гран-при иегерлері Ақберен Бақытберген мен Рамазан Сайфулла, Қазақстан тарихы пәнінен облыстық олимпиаданың жеңімпазы, республикалық олимпиадаға жолдама алған Салтанат Әбілғазиева, облыстық пәндік олимпиаданың екінші орын иегерлері, республикалық олимпиадаға жолдама алған Фариза Дауылбай, Юлдуз Жұма, Ақжүніс Ақатай, Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңінде екінші орын алып, республикалық кезеңіне қатысушы Әсем Серік, оқушылар арасында көркем сөз шеберлерінің жүлдегері Тиышбай Санат, ХХІ республикалық «Абай оқуларының» екінші орын жүлдегері Аяулым Әзен, «Жас музыкант» республикалық конкурсында үшінші орын иеленген Рысбек Көлжан және Асыл мұра «Birgemiz: Taza alem» жалпыұлттық шағын грантт жобалар конкурсының 300 мың теңге грант иегері Жарқынбай Әбдірасул қатысты.
А.ҚАЛДЫБАЙ
26 желтоқсан 2020 ж. 2 538 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031