Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тартысқа толы турнир

Тартысқа толы турнир

Өткен жұмада Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейде «KUAN-AI KZ» ЖШС-нің ұйымдастыруымен белгілі ақын, ұлағатты ұстаз, Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгі иегері Абдолла Сапарды еске алуға арналған футзалдан турнир өтті. Оған кент орталығындағы мектептерден құралған командалар қатысып, бақ сынады. Доп додасының ашылу салтанатында «Құрмет» орденінің иегері, ардагер ұстаз Күләш Мергенбаева сөз сөйлеп, өмірден ерте кеткен азамат жайлы өз естелігімен бөлісті. Ал ақынның анасы Гүлжиһан Байбөлекова жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Тартысқа толы турнирдің ақтық мәресінде №266 мектеп-лицей командасы мен алаң иелері кездесіп, өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде 9:4 есебімен Е.Бозғұлов атындағы білім ордасының ұстаздары бірінші орынды қанжығалады. Жарыстың күміс жүлдесін №266 мектеп-лицей иеленсе, үшінші орынды Жанқожа батыр атындағы №70 мектеп командасы місе тұтты.

Сонымен қатар турнирдің «Үздік ойыншысы» болып №249 мектеп-лицей мұғалімі Ерлан Құрманов танылса, «Үздік қақпашы» бағамын Әнуар Шыңдаулетов иеленді. Азамат Бекжанов «Үздік қорғаушы», Азамат Төке «Үздік шабуылшы», Мұқағали Сансызбаев «Үздік сұрмерген» атанды.

Екі күнге созылған турнирдің жабылу салтанатында №249 мектеп-лицей директоры Күлзипа Нақан, Абдолла Сапардың інісі Әбдуманат Сапар, «KUAN-AI KZ» ЖШС-нің директоры Қуанышбек Пірмантаев жарыс жеңімпаздарына Алғыс хат пен қаржылай сыйлықтар табыс етті.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат

30 сәуір 2019 ж. 2 928 0

Тағзым мен тағылым

20 мамыр 2025 ж. 278

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031