Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалы ауданында ҰБТ басталды

Қазалы ауданында ҰБТ басталды

Бүгін Қазалы ауданында мектеп түлектерінің Ұлттық Бірыңғай тестілеу сынағы басталды. Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицей базасында басталған білім бәсекесінің ашылу салтанатында аудан әкімі М.Ергешбаев түлектерге құттықтау сөз сөйлеп, игі тілегін білдірді.
– Бүгінгі күн – бәріміз үшін, әсіресе ұстаздар қауымы, ата-аналар және мектеп бітіруші түлектер үшін аса маңызды. Бұл қуанышты сәт бәріміздің жүрегімізде мәңгілікке сақталады. Мектеп қабырғасында ұлағатты ұстаздардан сапалы білім, саналы тәрбие алып, елжанды, білімді азамат болып қалыптасқан мектеп бітіруші түлектерді үлкен сынақ күтіп тұр. Мектеп бітіруші түлектердің Ұлттық бірыңғай тестілеуде өз білімдерін дәлелдеп, ұстаздар үмітін ақтайтындарына сенімім мол, - деді Мұрат Нәлхожаұлы. 
Он бір жыл мектепте білім алып, ұстаздарының қуанышы болған түлектер – ауданымыздың ғана емес, бүкіл елдің мақтанышы. «Білім – бақтың жібермейтін қазығы» дейді дана халқымыз. Биыл түлектердің 39-і «Алтын белгі» және 3-і «Үздік аттестатқа» ие болып, өз білімдерін дәлелдеді. Аудан бойынша 33 орта мектептен бітіруші 556 түлек білімін сарапқа салмақ. Тестілеудің жоғары деңгейде өтуі үшін қажетті барлық жағдай жасалды. 
Ұлттық бірыңғай тестілеуге жан-жақты әзірленіп, тыңғылықты дайындықпен келген жас түлектерімізге осы сында үмітімізді ақтап, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізулеріне тілектестік білдіреміз.
Сіздерге сәттілік серік болсын, жас түлек!
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат.
22 маусым 2018 ж. 3 290 0

Себет доп бәсекесі

21 қаңтар 2025 ж. 56

Ұшпа доптың ұшқырлары

21 қаңтар 2025 ж. 90

Болмыстағы баскетбол

21 қаңтар 2025 ж. 50

EXPORT-тағы бәсіміз қалай?

21 қаңтар 2025 ж. 49

Әр ісі үлгі көп жасқа

21 қаңтар 2025 ж. 80

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031