Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тартысқа толы турнир

Тартысқа толы турнир

  Өткен жұмада Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейде «KUAN-AI KZ» ЖШС-нің ұйымдастыруымен белгілі ақын, ұлағатты ұстаз, «Ы. Алтынсарин» атындағы төсбелгі иегері Абдолла Сапарды еске алуға арналған футзалдан турнир өтті. Оған кент орталығындағы мектептерден құралған командалар қатысып, бақ сынады. Доп додасының ашылу салтанатында «Құрмет» орденінің иегері, ардагер ұстаз Күләш Мергенбаева сөз сөйлеп, өмірден ерте кеткен ұстаз жайлы өз естелігімен бөлісті. Ал ақынның анасы Гүлжиһан апай жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
   Тартысқа толы турнирдің ақтық мәресінде №266 мектеп-лицей командасы мен алаң иелері кездесіп, өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде 9-4 есебімен Е.Бозғұлов атындағы білім ошағының ұстаздары бірінші орынды қанжығалады. Жарыстың күміс жүлдесін №266 мектеп-лицей иеленсе, үшінші орынды Жанқожа батыр атындағы №70 мектеп командасы місе тұтты.
  Сонымен қатар турнирдің «Үздік ойыншысы» болып №249 мектеп-лицей мұғалімі Ерлан Құрманов танылса, «Үздік қақпашы» бағамын Әнуар Шыңдаулетов иеленді. Азамат Бекжанов «Үздік қорғаушы», Азамат Төке «Үздік шабуылшы», Мұқағали Сансызбаев «Үздік сұрмерген» деп танылды.
   Екі күнге созылған турнирдің жабылу салтанатында №249 мектеп-лицей директоры Күлзипа Нақан, Абдолла Сапардың інісі Әбдіманат Сапар, «KUAN-AI KZ» ЖШС-нің директоры Қуанышбек Пірмантаев жарыс жеңімпаздарына Алғыс хаттар мен қаржылай сыйлықтар табыс етті.

«ҚАЗАЛЫ» ақпарат



28 сәуір 2019 ж. 2 178 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 100

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930