Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ардагерлерге құрмет көрсетілді

Ардагерлерге құрмет көрсетілді

Халқымыздың тарихында мәңгілік ұмытылмас күндер бар. 1995 жылдың көктемінде қара ниетті қарулы топтар Тәжікстан шекарасын қару-жарақ пен есірткі дәлізіне айналдырып, көршілес мемлекеттердің тәуелсіздігі мен қауіпсіздігіне нұқсан келтірмек болды.
ТМД елдерінің 1992 жылдың 15 мамырында қабылданған «Ұжымдық қауіпсіздік туралы» халықаралық келісімшартына сәйкес, Қазақ елінің бітімгерлік батальоны Тәжік-Ауған шекарасында осы топтарға батыл тосқауыл қоюға жұмылдырылған болатын.
Сол қаралы оқиғаға биыл 25 жыл толып отыр. Ел үшін кеудені оққа керген қазақстандық жауынгерлер Тәжік-Ауған шекарасында айбынды ерліктің не екенін нақты дәлелдеп, қайтпас қайсарлық, беріспес батылдықтың ерен үлгісін көрсетті. Осы сұрапыл кездерде біздің ауданымыздан интернационалдық борыштарын өтеуге аттанған қазалылық 24 сарбаздың 1-і майдан даласында ерлікпен қаза тапты.
Ұлы Отан соғысындағы, Ауған Республикасындағы соғыстарда ата-баба, ағаларының көрсеткен өжеттігін, ерлігін қайталай білген, қазақтың батыр халық екенін күллі әлемге тағы да жария еткен жауынгерлерді құрметтеу парыз.
Осыған орай, бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі М.Ергешбаевтың қатысуымен Тәжік-Ауған шекарасындағы әскери қақтығыстарға қатысқан ардагерлерді құрметтеу мақсатында салтанатты жиын өткізілді.
Жиынға облыстық Тәжік-Ауған шекарасының жауынгерлік қимылдарына және әскери қақтығыстарға қатысушылар Одағының төрағасы М.Орынбайұлы, аудандық Қорғаныс бөлімінің бастығы Қ.Ысқақов, аудан әкімінің орынбасары Ә.Әбиев, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы С.Бабанаев, аудандық Әйелдер кеңесінің төрайымы Р.Асанова, ержүрек жауынгерлердің аналары мен жұбайлары қатысты.
«Арада 25 жыл өтсе де, тәжік-ауған шекарасында орын алған соғыстың халық жүрегіне салған жарасы, қайғы-қасіреті елдің санасынан өшпек емес. Сол қантөгісте ерлікпен антқа адалдықтарын дәлелдеген алдаспан намысты Қазалының жаужүрек жігіттерінің батырға лайық орны бар. Олар біздің мәңгілік жадымызда.
Сіздер Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің лайықты ізбасарлары ретінде жастарға патриоттық тәрбие беруге үлкен үлес қосып келесіздер. Сондықтан да, барша халқымыз жат жерде намысты ту етіп ұстап, ерліктің үлгісін көрсеткен ардагерлерге әрқашанда тағзым етеді. Елдікті құрметтеу, батырлықты дәріптеу, боздақтар рухын еске алу әрдайым азаматтық міндетіміз болып қала береді», - деді аудан басшысы жиында сөйлеген сөзінде.
Жиын барысында аудан әкімі М.Ергешбаев қазалылық ардагерлерді «Алаш батыры», «Қазақ батыры» төсбелгілерімен марапаттады. Сонымен бірге, осындай ерліктің нышаны бола білген батырларды тәрбиелеп, өсірген аналарға және олардың жұбайларына да құрмет көрсетіліп, «Ана жүрегі» төсбелгісі табысталды.
Айта кетейік, 2020 жылғы 6 мамырда қабылданған «Ардагерлер туралы» Заңға және Тәжікстан-Ауғанстан шекарасында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес, міндеттерін мүлтіксіз орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері барлық жеңілдіктері сақтала отырып, ардагерлер санатына енгізілген болатын.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
22 қазан 2020 ж. 734 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930