Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ардагерлер еңбегі еленді

Ардагерлер еңбегі еленді

Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастауымен «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойылды. Ел ардагерлері маңызды заңды көптен күткендіктен айрықша қуанышпен қабылдады.
Бұл құжатта ардагерлердің халық үшін атқарған игілікті істері ескерілген және де қажетті жеңілдіктер ұсынылғандығы көңілге демеу болды.
Бір ескерерлігі, осы уақытқа дейін елдегі «ардагер» деген санаттың аясы шектеулі еді. Ал заң аясында оған ҰОС ардагерлері, оларға ҰОС қатысушылары мен ҰОС мүгедектерінен бөлек, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, Ауғанстандағы ұрыс-қимылға қатысқан әскери қызметшілер, 1992 жылдан 2001 жылға дейінгі кезеңде тәжік-ауған шекарасында ТМД-ның сыртқы шекарасын күзетуді күшейтуге, 1968 жылы Чехословакиядағы жанжалды реттеуге, Таулы Қарабахтағы этносаралық жанжалды реттеуге қатысқан адамдар және Ирактағы бітімгершілік операцияларына қатысқан ұлттық контингент есепке алынды.
Кеңестік одақ кезіндегі мемлекеттік тапсырмамен Ауған соғысы секілді, Чехословакия мен Таулы Қарабахтағы этносаралық жанжалды реттеуге қатысқан азаматтардың жат жерде өз басын тәуекелге тігіп, өмір мен өлімнің арасында жүрген ауыр күндерінің өтеуі іспеттес.
Бұдан бөлек заңда жазылғандай қазақстандық ардагерлерге жәрдемақы төлемі өспек. Онымен қоса, Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен оларға теңестірілген азаматтар салықтың 11 түрінен босатылатыны көрсетілген.
Ал ел ардагерлеріне алдағы уақытта әлеуметтік қолдау шаралары ұйымдастырылатындығы біздер үшін үлкен қолдау. Аға буынды ардақтаған заң барлық ардагерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларға берілетін жеңілдіктер мен көмектердің бәрін жүйелеген.
Осыған орай қазалылық ардагерлер атынан Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа атаулы мереке қарсаңында қабылданған шешім үшін алғаусыз алғысымды айтамын.
Оразғали БЕКБАНОВ,
аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы

07 мамыр 2020 ж. 1 818 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 160

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 148

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 168

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031