Мектептердегі қарбалас қимыл
Мектеп – әрбір баланың алтын ұясы. Білім алатын киелі шаңырағы. Естеліктерімен есте қалатын мектепті кез келген түлек жадында сақтап, мәңгі сөз етері анық. Осындай аудандағы білім ошақтарын күрделі жөндеуден өткізуді тиісті орындар ұмыт қалдырып жатқан жоқ.
Биылғы жылы Қазалы ауданы бойынша «Жұмыспен қамтудың 2020 – 2021 жылдарға арналған жол картасы» бағдарламасы аясында 42 инфрақұрылымдық жобаларға 3,010 млрд теңге қаржы бөлініп, бүгінде құрылыс-монтаж жұмыстары жүруде. Жобаларды іске асыру нәтижесінде 860 жұмыс орны құрылып, оның 431-і халықты жұмыспен қамту орталықтарының жолдамалары арқылы тартылатын болса, бүгінгі күнге 286 адам жұмыспен қамтылған. Оның ішінде білім саласына, яғни мектептерден 12 нысанға күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарына 757,853 миллион теңге бөлініп, қарқын алды.
Сонымен қатар жоспарға сәйкес 240 жұмыс орны ашылып, оның 131-і халықты жұмыспен қамту орталықтарының жолдамалары арқылы тұрғылықты жерден тартылған.
Атап айтсақ, Әйтеке би кентіндегі Жанқожа батыр атындағы №70 орта мектеп ғимаратының ағымдағы жөндеу құрылысына республикалық бюджеттен 64,715 миллион теңге бөлініп, тиісті жұмыстары атқарылуда. Бас мердігері “N Строй Сервис” ЖШС. Жоспарлағандай 21 жұмыс орны құрылып, оның 11-і халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамалары арқылы тартылып, 11 адам жұмыспен қамтылды.
Бұған Ү.Түктібаев ауылындағы Б.Әбдразақов атындағы №88 мектеп ғимаратының ағымдағы жөндеу құрылысында қосуға болады. Өйткені бұл білім ошағына да республикалық бюджеттен 55,591 миллион теңге бөлініп, жоспарлы іс басталып кеткен. Мердігер мекеме «Нұрсәуле Құрылыс – 2012» ЖШС шаруаға уақытылы кірісіп, жіті бақылауда ұстап отыр. Онда 15 жұмыс орны құрылған болса, 7-еуі халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамаларымен тартылған.
Ақтан батыр ауылындағы №190 орта мектебінің ғимараты да ағымдағы жөндеуден өтіп, пайдалануға берілмек. Оның құрылысына республикалық бюджеттен 22,903 миллион теңге бөлініп, қажетті шаруа жүргізіліп жатыр. Жауапты «Нұрсәуле Құрылыс – 2012» ЖШС. Бұған 14 жұмыс орны құрылып, 7-еуі халықты жұмыспен қамту орталығынан тартылатын болса, бүгінгі күнге 7 адам екі қолға бір күрек тапты.
Қазалы ауданына қарасты Ақсуат ауылындағы №100 орта мектеп ғимаратының жылыту жүйесін жөндеуге республикалық бюджеттен 25,039 миллион теңге бөлініп, тиісті жұмыстары жүруде. «Нұрсәуле Құрылыс – 2012» ЖШС-і дер кезінде қызу шаруаны қолға алып, жуық арада белгіленген меже біржақты етілетінін растап отыр. Онда жоспарға сәйкес 14 жұмыс орны бас қосып, 7-еуі халықты жұмыспен қамту орталығынан жолдама алып тартылған екен.
Шындығында аудандағы бірнеше мектептерге қарасты ауылдар қызу еңбекке кірісті. Жауаптылар жақын арада барлық жұмыстар аяқталып, пайдалануға берілетінін айтып отыр. Алдағы жылы оқушылар жөндеуден өткен ордада білім нәрімен сусындайды.

Абзал ЖОЛТЕРЕК