Балалар жағдайы – басты назарда
Бүгінде “Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы” бағдарламасы бойынша білім саласында жүргізілетін күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары қарқын алуда.
Атап айтқанда, Әйтеке би кентіндегі С.Сейфуллин атындағы №165 орта мектеп ғимаратын күрделі жөндеуге 58080,0 мың теңге бөлінген болатын. Бұл ретте «Энергомера» ЖШС мен 45742,08 мың теңгеге келісімшарт жасалған. Барлығы 16 жұмыс орны құрылып, оның ішінде жұмыспен қамту орталығы арқылы 8 адам жұмысқа алынды. Заңды бұйрықтары шығарылып, еңбек биржасына тіркелді. Бастапқы келісім бойынша білім ордасының есік пен терезелері ауыстырылып, жылу жүйесі ретке келтіріледі.
Қазіргі таңда жылу жүйесі толығымен аяқталды. Терезе ауыстыру 90 процентке орындалды. Енді есікті жаңалау шаралары жүріп жатыр. Межеге сай аяқталу мерзімі 5 тамыз деп күтілуде.
Сонымен қатар Аранды ауылдық округі әкімі аппаратының №17 «Айгүл» бөбекжай-балабақшасының ғимаратын жөндеу жұмыстарына да қазына қаржысынан қомақты қаражат қарастырылған. Мердігер “Аңсат-Құрылыс” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі балаларды тәрбиелеу мекемесінің жылу жүйесін жүргізіп берді.
– Бұл ғимарат 1965 жылы салынған. Бұрынғы 11 жылдық мектеп. 2005 жылы “Балапан” бағдарламасымен балабақшаға ыңғайластырылып, 90 орынға арналып ашылды. Қазір орын толық. 3-6 жас аралығындағы балаларды қабылдадық. Арнайы мектепке даярлық тобы жұмыс істейді. Жылына 40-45 бала мектепке дайындалады. Осыған байланысты балабақшада 33 маман қызмет етеді. Жол картасы бойынша берілген қаржының көп көмегі тиюде. Мәселен, балалар тоңбай, жылы жерде тәрбие алуы үшін қыс бойы 21 пеш жағып шығатынбыз. Бұйырса жаңадан жүргізілген жылудың игілігін көруге асықпыз. Ал жаңбыр нөсерлеп жауған кезде жанымызды шүберекке түйіп отыратынбыз. Шатырдың ескіруіне орай 25 жерден су ағатын. Балабақша төбесінің жаңадан жабылғаны біз үшін қуанышты іс. Енді еш уайымдамай білек сыбана жұмыс атқарамыз. Осыны қолға алған аудан әкіміне және барлық азаматтарға алғысым шексіз, – дейді №17 “Айгүл” бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі Галина Келмағамбетова.
Қазалы ауданы, Қожабақы ауылының №17 “Айгүл” бөбекжай-балабақшасының ғимаратын жөндеу жұмыстары қазіргі уақытта жалғасын табуда. Мердігер “Азия Строй Энерго Сервис” ЖШС қалған жоспарлы шаруаны жақын арада жүзеге асырмақ.

Айнұр ЖИЫЛЫСҚЫЗЫ