Көше бойында жарықшамдар жарқырайды
Қазалы ауданы жыл сайын ажарланып келеді. Түрлі ғимараттар бой көтеріп, әлеуметтік нысандар пайдалануға беріліп, тас жол тегістеліп қайта жөндеуден өтуде. Тұрғындарды титықтатқан тротуар мәселесі де оң шешімін тауып, жол жиегіне түнгі жарықшамдар қойылуда. Сол қатарда Әйтеке би кентіндегі Жалаңтөс батыр көшесі де бар.
«Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Жалаңтөс батыр көшесінің бойына жарықшамдар орнату жұмыстары басталып та кетті.
Негізінен көшеге түнгі шам орнату құрылысына республикалық бюджеттен 12,063 миллион теңге бөлінген екен. Сонымен қатар жоспарға сәйкес 6 жұмыс орны құрылып, оның 3-уі халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамалары арқылы тартылатын болса, бүгінге дейін 2 адам жұмыспен қамтылып үлгерген. Мердігер мекеме «Қазалы-Энергомера» ЖШС қызу шаруаға кірісіп, көше басында алғашқы жарықшамдар бой көтеріп, тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Көптен күткен жарықтың орнатылып жатқанына тұрғындар дән риза.
– Көше бойының түнгі мезгілде қараңғы болуы қауіпті. Адамнан көлік қаптаған заманда оның жарығы көзге шағылысып, жаяу жүру мүмкін емес. Кімнің қайда бағыт алғанын білмей, айналада не болып жатқанынан бейхабар отыратынбыз. Қараңғы көшемізге жарықшамдардың қойылатынын естіп қуанып қалдық. Енді осындай бастамалар жалғасын тауып, әрбір көше жарқырайтын болса, аудан ажары артып тұратыны анық, – деді көше тұрғыны Айболат Ерғазы.
Айта кетейік, ауданда «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» мемлекеттік бағдарламасының аясында құны 3 млрд 11 млн 89 мың теңге болатын 42 жоба іске асырылып жатыр. Бағдарламаның мақсаты – жұмыссыздар санын азайту. Соның негізінде қолға алынған жобаларда 436 адам жұмыспен қамтылады екен. Мұның өзі көптеген жұмыссыз жүрген жандардың жүзіне жылылық ұялататыны сөзсіз.

Абзал ЖОЛТЕРЕК