Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Білім ошағындағы қарқынды құрылыс

Білім ошағындағы қарқынды құрылыс

Мектеп – киелі шаңырақ, әрбір шәкірттің құтты мекені. Адам өміріндегі ең бір қайталанбас сәттердің қолтаңбасы қалатын осынау алтын ұяның кім-кімге де ыстық көрінері сөзсіз. Талай түлек қияға қанат қаққан қара шаңырақтың бірі – Әйтеке би кентіндегі Б.Мергенбаев атындағы №226 мектеп-гимназия.
Білім ордасы 1967 жылы қой шаруашылығымен айналысатын еңбеккерлердің балаларына арналған интернат есебінде пайдалануға берілген. Яғни 1995 жылға дейін интернат болып жұмыс атқарған. 1995 жылы бейімделіп орта мектепке айналды. 1996 жыл Б.К.Мергенбаев атындағы гимназия болып қайта аталды. Бой көтерген жылдан бастап ғимаратқа ешқандай жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Биыл ауданда «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында 42 жоба іске асырылуда. Осы орайда облыстық бюджеттен 238 миллион теңге бөлініп, №226 мектеп-гимназия ғимаратына күрделі жөндеу ­басталып кетті.
Құрылыс жұмыстары жүріп жатқан білім ордасының басынан мектеп-гимназия директоры Ерік Өмірзақовты жолықтырдық.
– 18 мамырдан бастап күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мектеп шатыры толық ауыстырылады, ішінің электр, жылу жүйесі, едені, есігі және терезесі толық жаңаланады деп күтілуде. Терезелер мен батереялар болып қалды. Қазіргі таңда жұмыстың 50-60 проценті бітіп тұр, – деді.
Биылғы оқу жылында аталған білім ордасынан 741 шәкірт білім алған. Оқушыларды білім нәрімен сусындатып, тәлімді тәрбие беріп, болашақ жарқын өмірге ­баулуда 89 ұстаз ерінбей еңбек етті. Нәтижесінде бітіруші түлектердің 4-уі «Алтын белгі», 1-уі «Үздік аттестат» иесі атанып, мектеп ауданда бойынша білім сапасы бойынша 88,6 процентпен бесінші орынға жайғасты.
­
Ұ.ЕРБОЛҚЫЗЫ
11 шілде 2020 ж. 1 880 0

Ұйымшыл ұжымның ұтары көп

14 желтоқсан 2024 ж. 43

Кент көркін келтіргендер

14 желтоқсан 2024 ж. 38

Бар жақсылық – балаға

14 желтоқсан 2024 ж. 39

Шәкірттер шамшырағын жаққан

14 желтоқсан 2024 ж. 38

Сұранысқа ие орталық

14 желтоқсан 2024 ж. 34

Жасындай жарқыраған Гүлсая

14 желтоқсан 2024 ж. 35

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031