Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада құс және ет өнімдерінен ішек таяқшалары табылды

Қызылордада құс және ет өнімдерінен ішек таяқшалары табылды

Қызылордада құс және ет өнімдерінен ішек таяқшалары тобының бактериялары табылды. Бұл туралы облыстық тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінен хабарлады.
Олардың қатарында ресейлік «УСА», беларусьтік «Серволюкс Агро», отандық «Алатау құс» компанияларының құс еттері, еліміздегі «Алменов» және «Аманат» ЖК-нің ет өнімдері бар. Талапқа сәйкес келмеуіне байланысты кәсіпкерлерге заңбұзушылықты жою туралы ұйғарымдар берілді. Ұлттық сараптама орталығы облыстық филиалының зертханасында жүргізілген сараптама нәтижесінде жыл басынан бері сатып алынған барлық өнімнің 37 үлгісі техникалық регламент талабына сай келмеген.
«Ішек таяқшалары тобындағы бактериялардың табылуы – тағамнан уланудың негізгі себептерінің бірі. Олар көбіне асқазан-ішек жолдарына түседі. Сөйтіп, асқазан-ішек жолдарының ауруларын, сондай-ақ улану симптоматикасымен жүретін ішек инфекцияларын тудырады» деп ескертеді мамандар.
03 наурыз 2020 ж. 1 023 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30