Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қ.Пірімов ауылы:Тұрғындар мемлекеттік бағдарламалар арқылы 35,6 млн теңге несие алған

Қ.Пірімов ауылы:Тұрғындар мемлекеттік бағдарламалар арқылы 35,6 млн теңге несие алған

Аудан әкімі Мұрат Ергешбаевтың есебі Қ.Пірімов ауылында жалғасты.
Жергілікті тұрғындар алдында ауылдық учаскелік полиция инспекторы Мешітқазы Абдреев пен Құмжиек ауылдық округінің әкімі Болатбек Баймаханов жыл бойы атқарылған жұмыстарды қысқаша айтып өтті.
Құмжиек ауылдық округіне Қ.Пірімов, Тапа, Қожақазған және Мәдениет елді мекендері қарайды.
Округте 125 кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. 2019 жылы «Бастау-Бизнес» жобасымен 8 адам, «Бизнес-Кеңесші» жобасымен 2 адам кәсіпкерлік негізде оқыды.
Соның нәтижесінде «АЗА» шаруа қожалығы 10 млн, «Құлшаров Сайлау» шаруа қожалығы 2 млн, «Ақтілек» шаруа қожалығы 10,1 млн. теңге несие алып, мал шаруашылығымен айналысып жатыр. Тағы 1 адам жылқы өсіруге «Қазалы несие» серіктестігінен 8,4 млн теңге, 1 адам түйе өсіруге 4 млн. теңге жеңілдетілген несие алды.
Сонымен қатар, 1 адам шаштараз ашуға қайтарымсыз 252,5 мың теңге, 1 адам кондитерлік өнімдер дайындауға 252,5 мың теңге, 1 адам мал шаруашылығын дамытуға 252,5 мың теңге және 1 адам қой өсіруге 505 мың теңге қайтарымсыз грант алып, жұмыс істеуде.
Басқосуда тұрғындар ауылдан спорт кешенін ашу, Ғ.Мұратбаев тұйығы мен округке қарасты Басықара каналын жөндеу туралы ұсыныс айтты. Сондай-ақ, аудан көлемінен тері, жүн қабылдайтын кәсіпкерлер болса, ауылдағы мал қорымына қатысты мәселелерді көтерді.
Есепті кездесуден кейін аудан басшысы Қ.Пірімов ауылының тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдап, сұрақтарына жауап берді.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
15 қаңтар 2020 ж. 1 606 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 74

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930