Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан және ауыл әкімдері есеп берді

Аудан және ауыл әкімдері есеп берді

Қазалы ауданындағы Қашақбай Пірімов атындағы ауылда аудан және ауыл әкімдерінің есепті кездесуі өтті.
Бұл ауылда кәсіпкерлер қатары көбейген. Яғни, өткен жылы «Бастау-Бизнес» кәсіпкерлік негіздері бойынша барлығы 9 азамат оқуға қатысып, сертификат алған 7-і өздерінің бизнес жобаларын қорғап шыққан. «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» бір адамды мал бордақылау мақсатында 1,5 млн және наубайхана ашпақ ниеттегі тағы бір тұрғынды 1,4 млн теңгемен қаржыландырған.
Округте бір ауылшаруашылығы кооперативі мен 67 шаруа қожалығы тіркелген. Ауылда мал шаруашылығымен, жолаушы тасмалымен айналысатын бірнеше кәсіпкер бар. Халыққа монша, жеті дүкен қызмет көрсетеді. Ауылдағы ауыз толтырып айтар жаңалықтың бірі – көшелерде метал бағанды жарықшамдар орнатылып, түнгі жарықшамдармен қамтамасыз етілгендігі.
Алдағы уақытта ауыл әкімі Болатбек Баймаханов ауылдың санитарлық-тазалық жұмыстарын одан әрі жақсарту, елді мекендерді көгалдандыру және көшелерді жарықтандыру жұмыстары мен мемлекеттік бағдарламаларды округ тұрғындарына түсіндіре отырып, жеке кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыссыздықтың деңгейін төмендетуге нақты іс-шаралар атқаруды мақсат етіп қойғандығын атады. Сондай-ақ, жас ұрпаққа рухани-имандылық, адамгершілік, діни сауаттылық бағытында тәрбие беру арқылы дәстүрлі ислам жолымен жүруіне, жастарды мәдени спорт шараларына барынша жұмылдыру, округте салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында да шаралар жүргізілетін болады.
Есепті кездесулерде ауыл ақсақалдары мен тұрғындары өз ой-пікірлерін ортаға салып, жасалып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА.

15 қаңтар 2018 ж. 2 126 0

Азаматтар алғысқа бөленді

16 қыркүйек 2025 ж. 119

Шаршы алаңдағы шеберлік

16 қыркүйек 2025 ж. 107

Еңсесін тіктеген елді мекен

16 қыркүйек 2025 ж. 114

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930