Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шағын несие шаруаға қолайлы

Шағын несие шаруаға қолайлы

Елбасы Н.Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Үндеуі еліміздің әр өңірінде талқыланып, осы бағыттағы жұмыстар айқындалып жатқаны белгілі. Осы орайда, Қазалы ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихат депутаттарының тұрақты комиссия отырысы өтті.
Жиын барысында Елбасы Үндеуінің төртінші бастамасы «Шағын несие беруді көбейту» жөнінде бірқатар мәселелер талқыланды. Алға, Бозкөл ауылдық округтеріндегі «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының орындалуы жөнінде сөз алған Алға ауылдық округінің әкімі А.Төлемісов ауылдағы ағайынның жай-күйіне, жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды.
Округ әкімінің айтуынша, ауылда 28 кәсіпкерлік субьектілері тіркелген. «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша 5 адам оқып, оның үшеуі бизнес жоспарын қорғап сертификаттарын алған. Осы бағытта несие алған тұрғындар кәсіпкер ретінде тіркеліп, 3 адамды жұмыспен қамтыған.
– 2018 жылы «Бастау-Кеңесші» жобасы бойынша 6 адам құжаттарын дайындап тапсырды. «Бастау-Бизнес» жобасына 4 адам тіркеліп, 1 айлық оқуға ниетті болып отыр. Үстіміздегі жылдың ақпан айында «Қоғалы» шаруа қожалығы «Құлан» бағдарламасы арқылы 4 млн 300 мың теңге несие алып, мал басын көбейтуге жұмыс жасауда. Сондай-ақ, 3 адам мамандықтары бойынша жастар тәжірбиесіне алынып, 8 адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды.
Жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту, тұрмыс жағдайын жақсарту мақсатында атаулы көмек бойынша 13 отбасы қаржылай әлеуметтік көмек алуда, – дейді Алға ауылдық округінің әкімі А.Төлемісов.
Мұнан соң, мінбеге шыққан Бозкөл ауылдық округінің әкімі М. Қаниев шалғайдағы қоныстың тыныс-тіршілігін, кәсіпкерлік бағыттағы жасалынып жатырған жұмыстарды айтты.
Бір қызығы, кент орталығынан алыс жатқан Бозкөл ауылында «Тұрғындардың сауаттылығын көтеру мақсатында қысқа мерзімді компьютерлік оқу семинарын» 50 адам бір ай көлемінде оқып, «информатик-оператор» мамандығы бойынша сертификат алған.
– Осы жылы «Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша 2 адам құжаттарын дайындауда, «Бастау-Бизнес» жобасына 4 адам тіркеліп, 1 айлық оқуға ниетті болып отыр.
Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша атаулы әлеуметтік көмекке 10 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылса, 1 адам тұрақты жұмысқа орналасты.
Жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту, тұрмыс жағдайын жақсарту мақсатында атаулы көмек бойынша 5 отбасына яғни, 12 адамға қаржылай әлеуметтік көмек берілуде, – дейді Бозкөл ауылының әкімі.
Жиын соңында аудандық мәслихат хатшысы К.Назымбеков әр ай сайын екі ауылдық округ әкімі халық қалаулыларының алдында жоғарыда аталған бағдарламаның іске асырылуы жөнінде баяндама жасап отыратындығын ескертті.
Есет ТАБЫНБАЕВ.
16 наурыз 2018 ж. 2 585 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 74

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 69

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930