Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Орындалған іске оң баға берілді

Орындалған іске оң баға берілді

Жылдағы дәстүр бойынша Қазақстан Респуб­ликасы Президентінің Жарлығына сәйкес барлық деңгейдегі әкімдердің тұрғындар алдындағы есепті кездесуі басталды. Оған облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысының орынбасары Ғабит Жаңабаев, облыстық, аудандық мәслихат депутаттары мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

Басықара ауылында өткен есепті кездесуде тұрғындар аудан және ауыл әкімінің 2018 жыл көлемінде атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарын тыңдады.

Кездесуде айтылғандай, өткен жылы Басықара ауылында шағын кәсіпкерлікті дамыту арқылы жаңа жұмыс орны ашылып, жұмыссыздық деңгейін төмендету қолға алынған. Округ бойынша 13 шаруа қожалығы, бір серіктестік, 8 аралас заттар дүкені, әртүрлі қызмет көрсету түрлерімен айналысатын 28 кәсіпкер бар. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының екінші бағыты аясында «Бастау-Бизнес» жобасы арқылы 5 ауыл тұрғыны оқып, сертификат алған. Оның 3-еуі 720 мың теңгеге қайтарымсыз грант қаражатына қол жеткізген.

Сондай-ақ, 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылса, 10 адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған. 10 адам қоғамдық жұмыстарды атқаруға қабылданған. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының «Бизнес-Кеңесші» жобасы шеңберінде 9 ауыл тұрғыны оқу курсынан өтіп, оның біреуі көлік жөндеу орталығын ашу үшін 1,7 млн теңге қайтарымсыз грант иегері атанған. Ал, бір ауыл тұрғыны мал шаруашылығымен айналысуға 4,0 млн теңге несие алса, бір тұрғын тігін цехын ашуға 1,5 млн теңге несие алуға құжатын тапсырған.
Ауыл әкімі Дархан Алпысбаевтың айтуынша, ауыл шаруашылық саласы да айтарлықтай алға басқан. Округ бойынша 1081 бас мүйізді ірі қара, 719 бас қой, 798 бас ешкі, 469 бас жылқы, 49 бас түйе бар. Қазіргі таңда барлық мал басы бірдейлендіріліп, базаға енгізіліп, сырғаланған. Айта кетер жағымды жаңалықтың бірі – жеке кәсіпкер, Басықара ауылының тумасы Б.Тобабергенов жеке қаражатымен «Басықара баба» мешітінің жанынан 150 орынға арналған асхана құрылысын салып, халық игілігіне берген. Бұл ізгілікті іске басықаралықтар дән риза.
Қазір ауылда мектеп, шағын орталық, балабақша, клуб, кітапхана, мешіт, «Басықара» фельдшерлік-акушерлік бөлімшесі жұмыс істейді.
Ауыл әкімі алдағы уақытта шағын кәсіпкерлікті дамыту арқылы жаңа жұмыс орнын ашып, жұмыссыздық деңгейін төмендетуге, елді мекенде жоспар бойынша алдағы уақытта 90 орындық балабақша құрылысын жүргізуге және кезектілікке сәйкес тиісті мекеме арқылы ауылішілік көшелерді жөндеуге ықпал жасауға жұмыс істейтіндігін атады.

Кездесу барысында басықаралықтар ауылдағы балабақшаның тозып тұрғандығын айтып, жаңа балабақша салынса деген тілегін білдірді. Оған аудан басшысы ауылдағы үш мекемеге күрделі жұмыс жүріп, шатыры мен жылу жүйесінің жаңаланатындығын жеткізді. Ол мекемелердің қатарында балабақша да бар. Аудан және ауыл әкімдерінің жыл көлемінде атқарған жұмыстарына оң бағасын берген ауыл тұрғындары қалған мәселелердің рет-ретімен шешілетіндігіне сенім білдірді.

***
Бұдан соң, есепті кездесу Қашақбай Пірімов атындағы ауылда жалғасты. Бұл ауылда да кәсіпкер болам деушілер қатары артқан. Мәселен, «Нәтижелі жұмыспен қамту, жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы» аясында қысқа мерзімді оқу курсына 11 азамат қатысса, «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша 7 азаматтың бизнес-жобасы ұсынылып, одан 5 жоба мақұлданған. Ағымдағы жылы 19 кәсіпкер тіркелген. Ал, жалпы округ бойынша барлығы 117 кәсіпкерлік субъектісі бар. Оның біреуі ауыл шаруашылығы кооперативі, 72-сі шаруа қожалығы және 45-і шағын кәсіпкерлік субъектісі. Кәсіпкерлердің 11-і мал шаруашылығымен, біреуі монша, 7-і дүкен, 11-і жолаушы тасымалы, 15-і әртүрлі қызмет көрсетумен айналысады. «Жеңіс», «Аян», «Серимов Кенес» шаруа қожалықтары мен «Алаугаз» шаруа қожалығы асыл тұқымды мал өсіреді. Осы орайда, «Жеңіс», «Серимов Кенес», «Алаугаз» шаруа қожалықтарынан Біріккен Араб Әмірлігіне 29 бас асыл тұқымды түйе экспортталғанын айта кеткен орынды. Ауыл әкімі Болат Баймахановтың мәлімдеуінше, өткен жылы елді мекенді абаттандыру мен көгалдандыру, көркейту жұмыстары да қарқынды қолға алынған. Бұл ауылда да білім, мәдениет, денсаулық, спорт саласында істелген ілкімді істер бар.

Келешекте ауыл әкімі ауылдың санитарлық тазалық жұмыстарын одан әрі жақсарту, елді мекендерді көгалдандыру және көшелерді жарықтандыру жұмыстары жалғасатындығы мен мемлекеттік бағдарламаларды округ тұрғындарына түсіндіре отырып, жеке кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыссыздықтың деңгейін төмендету мақсатында нақты іс-шаралар жүзеге асатындығын айтты.
Сондай ақ, жас ұрпаққа рухани, имандылық, адамгершілік, діни сауаттылық бағытында тәрбие беру арқылы дәстүрлі ислам жолымен жүруіне, жастарды мәдени спорт шараларына барынша жұмылдыру, округте салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жандандырылатын болады.

Тұрғындар тарапынан ауылдағы С.Сейфуллин көшесіндегі ескі электр бағаналары мен Басықара каналындағы апатты жағдайдағы көпір жаңартылса, ауылішілік жолдарға жөндеу жұмыстары жүргізілсе деген ұсыныстар жеткізілді. Аталған мәселелерге орай тиісті сала басшыларына тапсырма жүктеген аудан басшысы М.Ергешбаев мүмкіндігі шектеулі баласына жұмыс сұраған ананың тілегі мен басқа да тұрғындардың өтініштері ескерусіз қалмайтындығын айтты.

Есепті кездесуде ауыл ақсақалдары мен тұрғындар ойларын ортаға салып, жасалып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді. Бұдан соң аудан және ауыл әкімдерінің халық алдындағы есепті кездесуі Қарашеңгел және Ғ.Мұратбаев ауылдық округтерінде жалғасты.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
15 қаңтар 2019 ж. 1 461 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 74

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 69

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930