Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шаруасы шалқыған шәкендіктер

Шаруасы шалқыған шәкендіктер

Қазаны қайнап, ырысы тасыған Қазалы жері облыстағы кәсіпкерлікті қолдау жылында сан алуан істі қолға алып, белгіленген меже үдесінен көрінді. Соның арқасында ауданда осы саламен айналысушылар қатары артты. Бұл ретте Қарақұм беткейіндегі төрт түлік өсіруші ағайындардың үлес салмағы көбейе түскені байқалады.
Жыл бойы атқарылған еңбек еш кетпей, жақында Қызылорда қаласында өткен жаппай кәсіпкерлікті дамыту жылының қорытындысында Шәкен ауылдық округі­нің әкімі Тастайбек Сермаханов “Үздік ауыл әкімі” атанып, облыс әкімінің Алғыс хатына ие болды.
Үлгілі жұмысы үшін лайықты бағасын алған Шәкен ауылдық округінің әкімі Тастайбек Сермахановпен тілдескенімізде:
– Өткен жылы ауылдық округ бо­йынша жаңадан 8 кәсіпкерлік субъектілері тіркелді. Олардың қатарында 2 шаруа қожалығы, 5 жеке кәсіпкер және бір ЖШС бар. 2018 жылы 7 кәсіпкер түрлі мемлекеттік бағдарламалар аясында несие алып, өз ісін бастады. Атап айтқанда, «ҚазАгроҚаржы» орталығынан 4 шаруа қожалығы 46500,0 мың теңге несие­ге жылқы, қой алып, мал басын асылдандыруды бастап кетті. Сонымен қатар, «Қызылорда өңірлік инвестициялық орта­лығы» арқылы бір шаруа қожалығы 3 млн теңге несие алып, мүйізді ірі қара малын өсіруде. Бұдан бөлек, 2 ауыл тұрғыны 4 млн теңге несиеге қол жеткізді. Осындай мемлекеттік бағдарламаларды тиімді пайдалану нәтижесінде округте ата кәсіп­ті өрістетіп, ел игілігін дамытушылар жыл санап артып келеді. Еңбегіміздің еленіп, құрметтеліп жатқанына қатты қуаныштымыз, – деді.
2018 жылдың қорытындысы бойынша бизнесті жүргізуге қолайлы жағдай жасаған ең үздік облыс деп танылған біздің өңірде биыл да кәсіпкерлерді қолдау шаралары жалғасатын болады. Оған аймақта облыс әкімдігінің, мәслихаттың, “Нұр Отан” партиясы филиалының, қоғамдық кеңестің және кәсіпкерлер палатасының бірлескен шешімімен 2018-2020 жж. жаппай кәсіпкерлікті дамытудың Үш жылдығы деп жариялануы айқын дәлел.
Біз өз кезегімізде шаруалары шалқыған шәкендіктердің кәсіптері дөңгеленіп, берекесі таси беруіне тілектеспіз.
Ж.СОВЕТҰЛЫ
19 ақпан 2019 ж. 1 187 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930